Кешелі бері жамбылдық теміржолшылардың мыңға жуық бүлдіршіндерінің жаңа жылдық көңіл-күйі көтеріңкі болды.  

«Жүк Тасымалы» ЖШС филиалы – Жамбыл бөлімшесі кадрлар бөлімінің басшысы Меруерт Бейсенбекқызының айтуынша, бөлімшеде Жамбыл вагон жөндеу депосы, Жамбыл вагон пайдалану депосында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің балаларын төрт топқа бөліп, шара екі күнге жалғасқан екен.

–  Әрине, жас аралықтары 1-10 жас аралығында таңдалған балалардың қатарынан барлығының көрінгісі келді. Ал, екі күнге жалғасқан шара облыс орталығында «Баласағұн» мәдениет сарайында өтіп, балалар мерекелік шараны сезінді. Және оларға кәсіподақ тарапынан тәттілер таратылып,  сый-сияпат көрсетілді, – дейді Меруерт Бейсенбекқызы.