Квота: Шипажайларға деген сұраныс жоғары болып тұр

Әлеумет
03.02.2023, 10:58
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолдың жұмысы қиын, бейнеті де аз емес. Соның ішінде экологиясы нашар Атырауда ауыр еңбек жағдайында жұмыс істеу түгілі, көшеде жай тыныстап жүрудің өзі оңай емес.

Жан-жақтан қаптаған мұнай зауыттарынан шыққан зиянды қалдықтарды, аспанды торлаған қап-қара түтінді жұтып жүрген жергілікті халықтың жаны сірден берік екен деп ойлайсың. Осы орайда ең болмаса жылына бір рет ауасы жайлы, табиғаты келісті демалыс орындарына барып, денсаулықты түзеу қажеттігі туындайды. Теміржолшылар мұндай игіліктен кенде емес. Мәселен, Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясында былтыр 10 жұмысшы және екі зейнеткер санаторлы-курортты орындарда демалған. Әйтсе де, сұраныс бұдан әлдеқайда көп.  

Сондықтан жергілікті теміржолшылар жыл сайын демалыс орындарына бөлінетін квота саны көбейтілсе деген тілек білдіреді, сонда шипажайларда емделіп, таза ауамен тыныстаушылар қатары да молаяр еді.  

Дистанция бастығының орынбасары Сәлима Жұматованың айтуынша, ұжымдық шартқа сәйкес теміржолшыларға тиісті жеңілдіктер жасалып отыр. Былтырғы оқу жылы қарсаңында 7 көпбалалы және аз қамтылған отбасына, сондай-ақ 69 жұмысшының баласына 2 АЕК көлемінде, «Отбасы күніне» орай төрт және одан көп баласы бар 39 қызметкердің балаларына (барлығы 151 бала) 4 АЕК көлемінде жәрдем көрсетілсе, 23 бала Ақтөбе қаласындағы «Энергетик» лагерінде демалған. Сондай-ақ, 7 қызметкер мен 1 зейнеткерге түрлі жағдайға байланысты материалдық көмек көрсетілген.

 

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты