Балмұздаққа тойған күн (Фото)

Әлеумет
30.05.2023, 11:25
Оқуға 1 мин
Суреттерді түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Балаларды қорғау күніне орай Жамбыл бөлімшесінде өткен мерекелік шара бүлдіршіндердің бөлімше жанындағы мұражайға серуенімен басталды. Музей меңгерушісі Венера Букенова Әулиеата өңіріне қатысты болат жолдың тарихы мен даңқты теміржолшылардың еңбек жолын балаларға ертегідей баяндап берді.

Бұдан соң балалар әкімшілік ғимараттың сыртында орналасқан тәжірибелік полигонда болды. Мұнда Өндіріс қауіпсіздігі және экология қызметінің бастығы Медет Каримбаев теміржолдың қауіпті аймақ екенін және өте жоғары кернеу күші бар бағаналардың маңында ойын алаңын ұйымдастыруға болмайтынын түрлі мысалдармен түсіндіріп берді және бүлдіршіндердің сұрақтарына жауап берді.

Әкімшілік ғимаратты аралап, Жамбыл бөлімшесі директорының орынбасары Мақсатбек Қазақбаевтың кабинетінде болып, вокзал алаңына орналасқан паровоз ескерткішінің алдында суретке түсті. Оларды көненің көзі, тарихи жәдігер болып қалған паровоздың әр деталі қызықтырды. «Мынау не?», «Анау не?»... деген балалардың түрлі сауалдарына Медет Каримбаев ерінбей-жалықпай жауап беріп жатты.  

– Мен музейде болғанда атамның суретін көріп мақтандым. Менің атамды бәрі таниды, ол өте білімді, күшті теміржолшы болған, – деп мақтанды Жамбыл жол бөлімшесін ұзақ жыл басқарған Сағымбек Ақшаловтың немересі Алина Ақшалова.  

Бұл күні бүлдіршіндер балмұздаққа тойды. Балаларға осындай тәтті мереке ұйымдастырып, демеушілік жасаған Жамбыл бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы бүгін орталық саябақта үлкен іс-шара ұйымдастырмақ. Барлық бүлдіршінді сонда шақырды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды