25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Медициналық пойыз Павлодар облысында өз жұмысын бастады

Әлеумет
14.06.2023, 10:17

2023 жылдың 23 мамырынан 12 маусымына дейін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ШҚО мен Абай облысының 11 шалғай станциясында (Жарма, Ертіс зауыты, Тишинская, Ермаковка, Таусамалы, Алтай, Күмістау, Шар, Суықбұлақ, Бел-Ағаш, Дегелең) болды. Дәрігерлер алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіп, жүздеген кеңес берулер мен тексерулер, шағын операциялар жүргізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қажет мамандары мен емханалары жоқ шалғайдағы кенттердің тұрғындарына жоспарлы ауруханаға жатқызуға жолдамалар берді. Бүгін пойыз өз жұмысын Павлодар облысында бастады.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Шақат станциясына 13 маусым күні сағат 02:03-те келді. Денсаулық керуен аталған бекетте 14 маусымда сағат 21:40-ға дейін тұрады. Сондай-ақ, пойыз кестесіне Павлодар облысының Красноармейка, Спутник, Тасқұдық, Майқайың, Бозшакөл, Өлеңті және Торғай сияқты станциялары енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, пойыздың медициналық құрамына терапевт, хирург, жалпы тәжірибе дәрігері, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика дәрігері, акушер, зертханашылар, медбикелер, рентгенолог, сәулелік диагностика дәрігері, стоматолог, отоларинголог, психолог, окулист, гинеколог және уролог кіреді. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен алғаш рет азаматтарға тиімді психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуластыру) көмек көрсететін кәсіби психолог, медиатор және заңгер жұмыс істеуде. Бұдан басқа, азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тегін кеңестер өткізіледі.

Жалпы ШҚО мен Абай облысында консультативтік-диагностикалық пойыздың дәрігерлері 7104 тұрғынды, оның ішінде 1031 баланы қабылдады. Дәрігерлерге қаралудың жалпы саны - 19414. 550 шағын хирургиялық операция жасалды.  

Тұрғындар болса, бұл мүмкіндіктер үшін алғыс жаудыруда.  

Сонымен, пойыздың әр маманы науқастардың көп санын тексерді: жалпы тәжірибе дәрігері, терапевт, педиатр - 1665 адам; хирург - 2282; уролог - 2224; невропатолог – 1964; офтальмолог – 2660; ЛОР – 1425; акушер-гинеколог – 739; стоматолог - 1497; ЭКГ - 952; УДЗ - 2936; ФЛГ – 412 және кардиолог - 108 адам.  

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның медиаторы мен заңгері халықты әлеуметтік қолдау мәселесінде ауқымды жұмыс атқарды - ШҚО 10 шалғай станциясы азаматтарының 510 өтініші қабылданып, 46 медиативтік келісімге қол қойылды.

- 2013 жылы ажырасқан, бұрынғы күйеуі алимент төлемейтін әйелдің жағдайын қарадық. Оның 3 кәмелетке толмаған баласы бар, қарт ата-анасымен бірге апатты 2 бөлмелі пәтерде тұрады, көмек сұрайды. Мен аудан әкімінің орынбасарын шақырып, оған жалға берілетін тұрғын үйге кезекке тұруға көмектесуін өтіндім. Олар көмектесетін болды. Оның шағын бизнесі үшін мәдениет үйіндегі бөлмені жалдау ақысынсыз ұсынды. Күзде пәтер бөлінеді, - дейді кәсіби медиатор Жанара Өсіпбекова.

Сондай-ақ, Абай облысының бес станциясында 330 өтініш қабылданып, 32 медиативтік келісім жасалды (Семей полигоны ауданында тұратын тұрғындар үшін әлеуметтік жәрдемақы болмауының мәселесі - 48, мемлекеттік тұрғын үйге кезекке қою - 22, жылжымайтын мүлік құжаттарын ресімдеу - 31, грант бойынша шағын бизнес ашу - 55, мүгедектерге жәрдемақы алу - 18. алимент төлеу - 11, несиені кейінге қалдыру - 35, жұмыс іздеу - 27, қоғамдық көліктің, аурухананың, дәріхананың, жұмыстың болмауы мәселесі - 63 өтініш).

Айта кетейік, жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қоры» ҚҚ және ақпараттық серіктес - Jibek Joly телеарнасымен ынтымақтастықта жүзеге асыруда.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде