Қоғамда кәсіподақтың рөлі артып келеді

Әлеумет
31.05.2024, 10:15
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада Халықаралық теміржолшылар кәсіподағы конфедерациясы (ХТКК) кеңесінің 67-отырысы өтіп, оған кеңеске мүше Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей кәсіподақтарының жетекшілері және делегациялары, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және ҚР Кәсіподақтар федерациясының басшылары қатысты.

Жиынды ХТКК және Роспрофжел төрағасы С.И.Черногаев пен Конфедерацияның бас хатшысы Г.Н.Косолапов жүргізді. Күн тәртібінде кәсіподақтың қоғамда және саланың еңбек ұжымдарындағы рөлі мен мәртебесін арттыру бағытындағы іс-әрекеттері, ХТКК кәсіподақтарының шекаралық ынтымақтастық туралы меморандумдарын орындау бойынша жұмыс барысы, сондай-ақ 2024 жылдың екінші жартыжылдығындағы негізгі іс-шаралар мен Конфедерация өміріндегі бірқатар ағымдық мәселелер қаралды.  

«Жалпы ХТКК VII Конгресінің, Кеңестің өткен отырыстарының шешімі мен 2024 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспары орындалуда. Өткен ХТКК Кеңесінің 66-отырысынан кейін Әзербайжан, Қырғызстан және Тәжікстан кәсіподақтарында есеп беру-сайлау конференциялары сәтті өтіп, ХТКК кәсіподақтары Ресей Федерациясының IV теміржол съезіне қатысты. Сонымен қатар Роспрофжелдің ұсынысы бойынша Екатеринбург қаласында биыл наурыз айында Роспрофжел мен Қазкөліккәсіп арасындағы Шекаралық өзараәрекеттесу және ынтымақтастық туралы меморандумның орындалуы және 2024 жылда оларды жүзеге асыруға қатысты Жол картасын әзірлеу туралы кеңес өтті. Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, Роспрофжел, Өзбекстан, Эстония кәсіподақтары еңбеккерлер үшін кепілдіктер көкжиегін кеңейткен бірқатар жаңа келісімдер мен ұжымдық шарттарға қол қойды. Еңбекақы өсімі байқалады. Мүшелік ұйымдарда қолданыстағы ұжымдық шарттар орындалуда, алайда Беларусь, Молдова, Литва, Эстония теміржолдарына көрсетіліп отырған санкциялық қысым салдарынан құжаттардың жекелеген пункттерінің орындалуы тоқтап қалды. Айталық, Молдова теміржолында еңбекақының 3-4 айға дейін төленбей жатқаны байқалып отыр», – деді Геннадий Косолапов өз сөзінде.

Шақырушы тарап ретінде «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев сөз алып, Конфедерация кеңесі отырысының жұмысы табысты болуына тілектестік білдірді. Ал «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Ғафу Несіпбаев, қазақстандық салалық көлік кәсіподағының жұмысы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, «Қазкөліккәсіп» ҚБ бүгінде 12 филиалы, 5 өкілдігі, 15 жергілікті көлік саласы кәсіподағы, 310 бастауыш ұйымы бар үлкен қоғамдық бірлестік. Қазіргі таңда еліміздегі 110 мың теміржолшының 82%-ы кәсіподақ құрамында. Осылайша салалық кәсіподақ 96 мыңнан астам теміржолшының әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғап отыр.  

«Салалық келісім Көлік министрлігі, жұмыс беруші – «ҚТЖ» ҰК»АҚ, теміржол көлігінің басқа да ұйымдарымен және Кәсіподақ арасында жасалды. 2024-2026 жылдар кезеңіне арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен және оның еншілес ұйымдарымен 13 ҰШ-қа қол қойылды. Ұжымдық шартты әзірлеу барысында 343 ұсыныс түсіп, соның 72-сі қолдауға ие болды. Әлеуметтік пакет бағасы ұлғайды. Яғни әлеуметтік жеңілдік бюджеті 5 млрд теңгеге, ал Еңбекақы қоры 9,8 млрд теңгеге артты. Теміржол саласында бірнеше ірі жобалар қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Оларды іске асыру барысында жаңа жұмыс орындары ашылады. Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау, теміржолшылар мен олардың балаларының еңбек және жазғы демалыстарын ұйымдастыру, тұрмыстық-әлеуметтік жағынан қорғау, теміржолшы әйелдердің құқығын қорғау ұжымдық шартта кеңінен қамтылып, басымдық берілген негізгі мәселелер», – деп атап өтті «Қазкөліккәсіп» ҚБ өкілі.  

Жиында кәсіподақтар активі мен кадрлар оқытуда, ішкі семинарларды өткізуде Конфедерация әлеуетін пайдалану бойынша ұсыныстар талқыланды. Сондай-ақ бірқатар мүшеліктегі ұйымдар үшін ХТКК білім беру семинарларын ұйымдастыру туралы ұсыныс қолдауға ие болды. ХТКК кәсіп- одақтарымен Шекаралық өзараәрекеттесу және ынтымақтастық туралы меморандумдарды орындау бағытындағы бірлескен жұмыстар Конфедерацияның жаңа және маңызды бастамасына айналғаны және де қазір көптеген мүшелік ұйымдарды қамтып отырғаны айтылды. Алдағы ХТКК кеңесінің 68-отырысы биыл қараша айында Өзбекстан теміржолшылар және көлік құрылысшылары кәсіподағының шақыртуымен Ташкент қаласында өтеді.

Сергей Черногаев, ХТКК және Роспрофжел төрағасы:  

– Біз бүгін ХТКК кеңесінің 67-отырысында қоғамда және еңбеккерлер арасында кәсіподақтардың рөлін, танымдылығын, мәртебесін арттыру, кәсіподақтардың атқарып жатқан жұмыстары, олар тарапынан енгізілген жаңашылдықтар, проблемалар туралы айттық. Әрине, әр елдің заңы, еңбек жағдайы әртүрлі. Соған қарамастан, «Қазкөліккәсіп» ҚБ және оның филиалдары, бастауыш ұйымдары тарапынан көптеген жұмыстың атқарылып жатқанын айтар едім. Қазақстандық кәсіподақ көшбасшы ұйымдардың қатарынан, басқа кәсіподақтардың Қазкөліккәсіптен үйренері көп.  

Геннадий Косолапов, ХТКК бас хатшысы:  

– Роспрофжел мен Қазкөліккәсіп арасындағы Шекаралық өзараәрекеттесу және ынтымақтастық туралы меморандум өзара әрекет етудің жаңа кезеңі десек болады. Осы құжаттың арқасында кәсіподақтардың жетекшілері ғана емес, жанасатын аумақтың қызметкерлері де өзара тиімді әрекет ете алады. Өйткені теміржолшыларды технологиялық процестер, 1520 жол табаны кеңістігі, жалпы технология байланыстырады. Сондықтан бір-бірімізді түсінісіп, өзара іс-қимыл жасау – ең маңыздысы. Бұл құжаттың тұрмыстық салада да рөлі зор. Спорттық іс-шаралар, тәжірибе алмасу, семинарлар мұның бәрінде достық қарым-қатынастың болуы маңызды. Жалпы ХТКК кеңесінің отырыстары – кәсіподақтардың өзара тәжірибе алмасу, тиімді шешімдерді ортаға салу алаңы. Мәселен, қазақстандық кәсіподақтың халықаралық кәсіподақ әйелдері форумын өткізу бастамасы қазір барлық елдің кәсіподақтары тарапынан қолдау тауып отыр. Жастармен де көп жұмыс жүргізілуде.  

Вагиф Мамед Бадалов, Әзербайжан Тәуелсіз теміржолшылар кәсіподағы төрағасы:  

– Мен биыл жаңа сайланған төрағамын. Мұндай отырыстардың кәсіподақ жұмысын жандандыру, проблемалардың тиімді шешімін табу, тағысын тағы өзекті мәселелерге оң әсер ететін пайдасы көп. Бұл жерде тек кәсіподақ мәселесі емес, теміржолшыларға қатысты, шекаралық мәселелер, т.т қозғалады. Ұжымдық шарт сияқты маңызды құжаттардағы кейбір пункттер тоқтатылып жатса, кейбіреуі жаңартылып, жанданып жатыр. Мысалы, ТМД елдерінде теміржолшыларға «Құрметті теміржолшы» белгісі беріледі. Бізде бұл құрметті атаққа ие болғандар жалақысына 20 пайыздық үстеме қосылатын болды. Сондай-ақ теміржолшылар шипажайларға жолдаманың 50 пайызын ғана төлейді және балаларының жазғы лагерлеріне де жолдама 50 пайыздық жеңілдікпен беріледі. Сонымен қатар кәсіподақ ісімен айналысатын теміржолшыларды негізгі жұмысынан екі сағатқа босатып, қоғамдық қызметімен айналысуға және оларға жалақысына үстеме ақы төлеуге қол жеткіздік.  

 

Жаңалықтар
28.06.2024
Өзбекстанда қалыпты ыстыққа байланысты пойыздардың жылдамдығы төмендейді
Жаңалықтар
28.06.2024
ҚТЖ алаяқтық фактілері туралы ескертті
Жаңалықтар
28.06.2024
ТЖМ табиғи апатты жоюға үлес қосқан теміржолшыларды марапаттады
Әлемде
28.06.2024
Иран Каспий теңізі жағасындағы Каспиан портын теміржол желісімен қосты
Инфрақұрылым
28.06.2024
Қаратау станциясында теміржолшылардың ғимараты жөндеуден өтті
Жаңалықтар
28.06.2024
Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдар бойынша пойыздар қозғалысы 2024 жылы ашылады
Инфрақұрылым
28.06.2024
Абай облысында бағыттамалы бұрмалар жаңаруда
Инфрақұрылым
28.06.2024
Жолдарды жөндеу барлық технологиялық талапқа сай
Жолаушылар тасымалы
28.06.2024
«Туған елге саяхат» пойызы қызықты саяхатқа аттанды
Әлеумет
28.06.2024
Теміржолшылар мемлекеттік тілден тест тапсырды
Жаңалықтар
28.06.2024
Корея-Қытай-Қазақстан-Өзбекстан бағыты бойынша пилоттық пойыз іске қосылды
Жаңалықтар
28.06.2024
ҚТЖ-да «Азаматтық қорғаныс» форумы өтті
Аймақтар
28.06.2024
Жол дистанциялары жаңа көліктермен толықты
Жаңалықтар / Мұрағат
28.06.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №54 28 маусым 2024 жыл
Қауіпсіздік
27.06.2024
Теміржол бойындағы қауіпсіздік басты назарда
Станция тынысы
27.06.2024
Арыстағы «Теміржолшылар» саябағы ретросаябаққа айналуы мүмкін
Спорт
27.06.2024
Ақтауда М.Тынышпаевтың 145 жылдығына орай спорттық сайыс өтті
Аймақтар
27.06.2024
Майталман маман құрметті демалысына шықты
Жаңалықтар
27.06.2024
Transport Logistic China 2024 көрмесінде ҚТЖ-ның стенді көпшілікті қызықтырды
Жолаушылар тасымалы
27.06.2024
«Павлодар-Астана» электропойызының бағыты Бурабайға дейін ұзартылды