Жаңа жылға тарту

Әлеумет
24.12.2024, 09:43
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жаңа жыл қарсаңында шалғайдағы Болашақ станциясында балаларға керемет сыйлық тарту етілді. Ауылдан шағын спорт кешені пайдалануға берілді.

Әдеттегідей Аяз ата емес, мұндай мүмкіндікті ауыл басшылығы сыйлады. Ауыл әкімінің тұрғындармен дәстүрлі есеп беру кездесуінде жұртшылық тарапынан осындай мәселе көтерілген болатын. Соған сәйкес әкімдік теңгеріміндегі ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, игілікке беріліп отыр.  

Аталған ғимарат үлкен зал, ерлер-қыздар бөлмесі, жаттықтырушы бөлмесі және жуыну бөлмелерінен тұрады. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.  

– Қазіргі таңда ғимаратқа күрес үйірмесін ашуға 6×6 көлемінде матрас төселіп, ҚТЖ мекемесі тарапынан теннис үстелі, жаттығу құралдары орнатылды. Келер жаңа жылда әкімдік спорт кешеннің материалдық техникалық базасын толықтыру бағытында жаттығу құралдарын алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар аудандық спорт мектебі тарапынан жаттықтырушы жұмысқа алынып, күрес үйірмесіне балаларды қабылдау жүргізіледі, – деп хабарлайды бұл туралы Болашақ ауылдық округінің әкімдігі.  

Орайы келгенде айта кетсек, станция тұрғындарының салауатты өмір салтын сақтау бағытында тағы бір игілікті іс атқарылып, футбол алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде газон жабындысы, жарық шамдарының тоқ желісі қайта жүргізіліп, қоршауы қапталып, орындықтар орнатылған.  

 

Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды