Маңғыстау теміржолының Бопай станциясын ашылғалы бері басқарып келген Мұратбай Оразовқа шұғыл түрде көмек қажет. Оған бірнеше жыл бұрын созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған, қазір аурудың ең соңғы кезеңінде. Емі – бүйрек трансплантациясы.
Аурумен алысып жүріп жұмысын бір сәтке болса да ақсатпай, кешеге дейін станция жұмысын жолға қойып, міндетін абыроймен атқарып келген ол қазір созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің 5-кезеңінде. Жалғыз мүмкіндік – ота жасап, бүйрек ауыстыру. Оған қажетті қаражат көлемі – 35 млн теңге. Маңғыстаулық теміржолшылар қажетті қаражатты жинауға бір кісідей жұмылған. Оразовтар отбасы теміржолшы әріптестерден, жомарт жандардан отаға қажетті қаржыны жинауға қолдау-көмек күтеді.
Мұратбай Оразов «Өзен-Түркіменстан» теміржолы ашылған соң телімдегі Бопай станциясының бастығы міндетіне тағайындалып, өткен жылдың күзіне дейін тынымсыз еңбек етіп, жаңа жас станцияны көтеруге бүкіл күш-қайратын жұмсап еңбек етті. Қос ұлы – Талғат пен Парахатты жетілдіріп, теміржолшылар көшіне қосты. Бүгінде бірі Бопайда, екіншісі Құрмаш бекетінде еңбек етеді.
Көмек қолын созам дейтін азаматтар болса, төмендегі реквизитті ұсынамыз:
Халық банк картасының номері 5354 5102 4700 2081 М.Оразов немесе 87785107434 телефон номері (Халық банкі, Каспий банкі) арқылы жіберуге болады.