Жастардың жанды бастамасы

Әлеумет
01.12.2025, 11:26
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік ерікті жастар жыл соңында бірқатар әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастыруды қолға алды. Соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен қолға алынған корпоративтік волонтерлер байқауының алар орны ерекше болып тұр.  

Бөлімше жастары бұл байқауға «Балаларға қамқорлық» номинациясы бойынша қатысып жатыр. Жаңа-Семей станциясының жастары бірқатар тың жобаларды қолға алып, бастап та кетті. Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек, соның ішінде балалардың игілігіне жағдай жасап, олардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету және қауіпсіз орта қалыптастыру.

Станцияның техникалық контор операторы Диана Қапанова мен багажды қабылдап-тапсырушы Тамерлан Шаданов бастаған ерікті жастар Семейдегі «Аналар үйіне» арнайы барып қайтты. Қыз-жігіттер бұл әлеуметтік мекемеге алдын ала хабарласып, мұқтаж жандар мен қажетті заттар тізімін алған болатын. Олар  бүлдіршінге қыстық аяқ киімдер, өзге де жылы киім-кешектер мен азық-түлік, балалар тағамдарын алып барды. Тағдыр тауқыметіне тап болған балақайлар үшін тәттілер мен түрлі дамытатын ойыншықтар алуды да ұмытпапты. Жүрек жылуына зәру бүлдіршіндерді ойнатуға да уақыт тапты. Теміржолшылардың келгеніне қамкөңіл аналар мен олардың сәбилері үлкен қуаныш білдіріп, жастар мен басшылыққа алғыстарын айтты.

– Станция ұжымы ұлттық компания көлемінде орын алып жатқан әрбір әлеуметтік акцияға үнемі үн қосып келеді. Қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытып жүрген жастарымыз корпоративтік волонтерлар байқауына да қатысып жатыр. Олар балалардың болашағының жарқын болуы жолындағы әр бастамаға қолдау білдіріп келеді, – дейді Жаңа-Семей станциясының бастығы Дәулет Сүлейменов.

Станция жастары таяу аралықта қаладағы балалар үйіне барып, әлеуметтік акция ұйымдастыруды көздеп отыр.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады