#БізБіргеміз: қиындықты бірге жеңеміз

Әлеумет
21.04.2020, 11:29
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолшылар қазіргі қиын-қыстау сәтте де бұрыннан қалыптасқан ізгі істерін жалғастырып, жалғыз басты қарттар мен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмегін көрсетуде. Кәсіподақ ұйымдары азық-түлік пен гигиеналық құралдарын сатып алып таратуда. Мақсат біреу – карантин кезінде адамдарды қолдау.

Павлодар станциясының басшылығы мен кәсіподақ комитеті үш жыл бұрын өз қамқорлығына қызметкерлерінің арасынан алты көпбалалы және толық емес отбасын, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі 11 жастағы жетім баланы алған болатын. Кезінде бұл баланың анасы станцияда жұмыс істеген болатын.

Солардың барлығына бірдей қажетті азық-түлік толтырылған: картоп, қарақұмық, күріш, лапша, сүт және қоюлатылған қанты бар сүт, кәмпит, қант, шай, сұйық май, шпрот, ұн, тағысын тағы заттары бар себеттер таратылды.

Станциялықтар өз қамқорлығындағы отбасыларға бұрын да ай сайын барып тұратын. Ал қазір карантин кезінде тіптен ерекше көңіл бөлуде. Ал Нұр-Сұлтан станциясы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері теміржолдың дамуы үшін аянбай еңбек еткен ардагерлері мен соғыс және тыл еңбеккерлерін назардан тыс қалдырған емес.Теміржолшылар олардың үйлеріне азық-түлік себеттерін жеткізумен қатар өз қолдарымен тіккен медициналық маскаларды табыс етті.

– Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қауіпқатерден қорғау үшін біз оларға алғашқы қажеттіліктеріне жарайтындай етіп азық-түліктер сатып алып апарып бердік. Әлбетте, барлық профилактикалық шараларды сақтадық. Станция қызметкерлері бетперделермен қатар резеңке қолғаптар киіп, азық-түлікті табыстауда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы – ең бірінші шарт. Қайырымдылық – біздің азаматтық міндетіміз. Егер мұқтаж жандарға көмектесу қажет болса, біз одан ешқашан бас тартпаймыз, – дейді Нұр-Сұлтан станциясының бастығы Ерлан Рахымжанов.

Қарт адамдар теміржолшылардың қамқорлығына шексіз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын жаудырды.

– Теміржолшылар бізді ешқашан ұмытқан емес, қашанда көмек қолын созуға уақыт та, мүмкіндік те тауып жатады. Осындай қиын сәтте қолдап, көмек көрсетіп жатқандарыңа үлкен алғыс айтамын. Менің туған станциямның ұжымына және басшылығына денсаулық пен табыс тілеймін, – деп ақжарма тілегін білдірді тыл еңбеккері, станцияда пойыздарды қабылдаушы болып 30 жылдан астам уақыт еңбек еткен ардагер Нина Нестерова.

Ізгі істер иірімінен Мақат локомотив пайдалану депосының қызметкерлері де тыс қалмапты. Олар да мұқтаж отбасыларға көмек көрсеткен. Еріктілер қамқорлыққа зәру жандарға азықтүлікті үйлеріне жеткізіп беру арқылы пандемияның таралу қаупін төмендетіп отырғандарына сенімді. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді