Желмен жарысқан жас теміржолшы Жалғас

Әлеумет
06.10.2020, 09:44
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жүгіргенде желдей есіп, жай адамды шаң қаптырып кететін желаяқтар жарысында топ жарған атыраулық жас теміржолшы Жалғас 5-6 қыркүйек күндері елордада 5 шақырымға жүгіруден халықаралық онлайн жарысқа қатысып, жүлде алды.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті, Жеңіл атлетика федерациясы және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы аталған жарыстың Бас серіктестері болған еді. Жарысқа Ресей, Латвия, Италия, Швеция, Беларусь мемлекеттерінен және Қазақстаннан 600-ден астам кәсіби жүйріктер қатысты. Атыраулық Жалғас Мугамиллин ҚР Жеңіл атлетика федерациясының жүлдесін иеленіп қайтты. Соған орай ол ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің арнайы сыйлығымен марапатталып, Мәскеу қаласына тапсырыс беру арқылы алынған спорт костюмі, спорттық жейделер мен аяқ киім, рюкзак сыйға берілді. Осы сыйлықты Атырау магистральдық желі бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Жәнібек Жөнтұрбаев бөлімше ұжымы алдында табыс етіп, марапат иесіне спортта да, еңбекте де толайым табыс тіледі. 

Бөлімшенің персоналды басқару бөлімінің бастығы Анар Жалғасбаеваның айтуынша, Жалғас 1988 жылы Исатай ауданы, Нарын бекетінде туған. Өзі теміржолшы отбасынан – әкесі Сабырғали өмір бойына жол шебері болып жасаған, қазір зейнеткерлікте. Жалғас та әке жолын жалғастырып, 2015 жылдан бері Атырау жол дистанциясына қарасты Нарын бекетінде жол монтері. Жалғас мектеп кезінен-ақ спортты серік қылып, жүгірумен айналысады екен. 

– Ауылымызда бел-белес, төбе көп. Мектептен шыға сала «анау төбеге дейін кім бірінші барады» деп балалар жарысатынбыз. Содан бері жүгіруді өзіме серік қылдым және денсаулыққа да пайдасы зор. Әуелі мектепте, кейін ауылдық, аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, республикалық, халықаралық сайыстарға да жол ашылды. Сөйтіп бұл менің екінші мамандығыма айналды. Биылғы онлайн жарыста да ауылда болып, 5 шақырымды 19 минутта еңсердім, – дейді ол. 

Ал бөлімшенің спорт секторы жетекшісі Ринат Иманғазиевтің айтуынша, Жалғас Мугамиллиннің спорттағы болашағы зор. Былтыр қыркүйек айының соңында елордада «ҚТЖ марафон – өзгерістерге бастар жақсылық. Бірінші болып қатыс!» атты теміржолшылар арасында алғашқы марафон жарысы өткен болатын. Оған 350 шақты адам қатысып, жас шамасына қарай бөлініп, 2,5,10,21, шақырымға жүгіру сайысы ұйымдастырылған. Осы марафонда 5 шақырымдық жарысқа 30-39 жас аралығында қатысқан Атырау жол дистанциясының жол монтері Жалғас Мугамиллин басқалардан қара үзіп, бірінші болып келіпті. Биыл да, міне, мерейі үстем болды. Бәлкім, ол атақты желаяқ рекордшымыз Марат Жыланбаев сияқты әлемге танылар. Сәтті жол саған, Жалғас!

Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап