Онлайн кездесуден түйген ой

Әлеумет
06.10.2020, 10:47
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-ның 100 жас есім иегерлері үшінші модульдік оқыту жобасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Кристиан Кунмен онлайн форматта кездесті. 

Спикер жастарға ұлттық компанияның мақсаттары мен міндеттері деген тақырыпта баяндама жасады. 

Осы онлайн кездесуге қатысқан дарынды темір жол жастарының бірі – «KTZ-Express» АҚ маркетинг және стратегиялық даму департаментінің менеджері Данияр Қабылжанов. «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының 2014 жылғы түлегі қазірде ҚТЖ компаниясында жұмыс істеуде. Оның өз қызметіндегі функционалдық бағыты – нарық конъюнктурасына талдау жүргізу. Негізгі жұмысы – «KTZ Express» АҚ-ның өндірістік көрсеткіштерінің талдауы мен мониторингін күн сайын және ай сайын жүргізіп, көліктік логистика саласындағы тұтынушылар мен бәсекелестердің іс-әрекетін талдау. 

– Кристиан Кун мырза халықаралық деңгейдегі өте тәжірибелі және беделді тұлға. Ол бізге көшбасшылық сипаттары мен қарапайым бастықтың қасиеттері туралы айтып берді. Сол арқылы өзінің көзқарасын білдірді. Біз нағыз кәсіби маманмен сөйлесіп отырғанымызды сезіндік. 

Оның айтуынша, өз қызметкерін қорқытып-үркітіп ұстайтын бастықтан көшбасшылық қасиеттері зор қарапайым менеджер, пойыз құрастырушы, инженер артық. Көшбасшы деген – өзінің әрбір қызметкерінің жеңісіне, жетістігіне қуана білетін адам. Ал оның тіліндегі бастық – «Босс» болса, тек тапсырманың орындалғанына ғана мәз болады, – дейді Данияр онлайн кездесуден алған әсерімен бөлісіп. 

Көшбасшының бастықтан айырмасы – ол берген тапсырмаға қатысты өз пікірін айтып, сол мәселені шешу жолдарын көрсетеді. Жай бастық тек тапсырманың орындалуын күтіп отыра береді. Сонымен қатар көшбасшы өз қарамағындағылардың бәріне бірдей қарап, олардың сенімділігін арттыруға жұмыстанады. Өкінішке орай, көп бастықтар тек қорқыту, үркіту сияқты тәсілдерді ғана қолданады. Осы тұрғыдан алғанда Кристиан Кун мырза жастарға көшбасшылық ұғымының аясы кең екенін түсіндірген. Яғни, жастарға көшбасшылық туа бітті болатын қасиет емес екенін, ол тәжірибемен келетінін жеткізді. Қазіргі заман осындай көшбасшылық қасиеттері бар азаматтарды талап ететін дәуір деді. 

Даниярдың бұған дейінгі марапаттары мен сертификаттары өте көп. Олардың көбі халықаралық ұйымдардан табысталған. Мәселен, «Маркетингтік талдау» бойынша АҚШ-тың Вирджиния университетінен, «Халықаралық логистика және мультимодальдық тасымалдар» туралы Синьцзянъ Ұйғыр автономдық ауданы коммерциялық департаментінен, «Қойма логистикасы» бойынша «Атамекен» ҰКП-дан, «Қызметтерді бағалау мен консультациясы» жайында Ernst & Young ұйымынан сертификаттар мен «KTZ Express» АҚ басқарма төрағасының атынан Алғыс хаттар алған.

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады