Болашақ станциясында шағын футболдан жарыс өтті

Спорт
20.05.2022, 11:03
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан теміржолшылары кәсіподағының отыз жылдығына орай Болашақ станциясында шағын футболдан жарыс өтті. Спорттық сайысты Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.

Сайысқа осы өңірде белгі беру және байланыс саласында еңбек етіп жүрген теміржолшылардан құралған алты команда қатысты. Болашақ, Сай-Өтес, Қарақия станцияларындағы дистанция бөлімдерінен бір-бір команда және Маңғыстау дистанциясының әр ауданынан үш топ құрылды.

– Ойын тамаша өтті. Тек бір саланың жігіттері, яғни тек байланысшылардан құралған командалар ойыны қызық болады екен. Ұйымдастыру деңгейі де жоғары болды. Бірінші орынды Маңғыстау станциясының радио-цех жігіттері, екінші орынды Сай-Өтес командасы, үшінші орынды Болашақ станциясының мамандары иемденді. Жеңімпаздарға ойын кубогы, диплом мен қаржылай сыйлық табысталды. Бас жүлдеге 30 мың, екінші орынға 20 мың, үшінші орынға 10 мың теңге берілді. Салалық кәсіподақ ұйымының мерейтойына арналған спорттық жарыстар алдағы уақытта тағы да жалғасады, – дейді Маңғыстау теміржолының спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті