Теміржолшылар арасында бильярдтан республикалық турнир өтті

Спорт
02.08.2022, 12:58
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 25 жылдығы мен «Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның 30 жылдығына орай теміржолшылар арасында Кәсіподақ төрағасының Кубогына бильярдтан республикалық турнир өтті.

Еліміздің барлық өңірлерінен келген 32 теміржолшы 28-29 шілде күндері елордада бас қосып, екі күндік турнирде бақ сынасты. Турнирдің мақсаты – кәсіподақтың мықты бильярд ойыншысын анықтап, теміржол ұжымдарында спортты және салауатты өмір салтын насихаттау. Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев бильярд турнирін жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Жарыс шартына сәйкес кәсіподақтың әр филиалынан 2 ойыншыдан таңдап алынды, олар – өз өңірінде өткен бильярд турнирінің 1 және 2 орын иегерлері. Турнирдің соңғы жарысы «Аралас пирамида» ережесі бойынша өткізілді. Ойынның басты ережесіне сегіз шарды бірінші салу жатады.

– Қатысушылардың бәрі кәсіподақ мүшелері. Бұл іс-шара кәсіподақ ұйымының ауызбіршілігі мен ұйымшылдығын, беделін арттырады деп ойлаймын. Жарысқа қатысушылардың билеті мен қонақүй, тамағы, сонымен қатар турнирді өткізу шығынын кәсіподақ көтеріп отыр. Жарыс өте тартысты да қызықты өтуде, – дейді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Бақытжан Қуанышев.

Турнир қорытындысында маңғыстаулық машинист көмекшісі Амандық Ашаковқа жететін шебер ойыншы болған жоқ, ал Кубокты Көкшетау командасы жеңіп алды.

– Қарсыластарымның бәрі де мықты болды. Өзім бильярдты 15 жылдан бері ойнаймын. 2015-2016 жылдары Қазақстан чемпионы болғанмын. Теміржолда он жыл жұмыс істеймін, Маңғыстау-Сайөтес, Маңғыстау-Өзен, Маңғыстау-Болашақ станциялары аралығында жүк пойыздарын тасимыз. Бүгінгі турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды, кәсіподақ комитетіне көп рахмет, әрі ойынға қатысып, әрі елордаға келіп демалып қалдық. Ең бастысы, елге жеңіспен бара жатырмын, – дейді бірінші орын иегері Амандық Ашаков.

Екінші орынға алматылық теміржолшы Әнуар Облысов ие болса, үшінші орынды көкшетаулық Бақтияр Бейсенов жеңіп алды. Осы үш орыннан бөлек тағы 5 ойыншы түрлі марапатқа ие болды, барлық жүлдегерлер арнайы диплом беріліп, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім