Теміржолшылардың балалары арасында шағын футболдан турнир өтті

Спорт
09.09.2022, 11:33
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында елордада Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен «ҚТЖ» компаниясының 25 жылдығы және «Қазкөліккәсіп» ҚБ 30 жылдығы шеңберінде теміржолшылардың балалары арасында шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жарысқа «Real boys», «CZhS Tiger kids», «Lokomotiv» және «Болашақ» командаларының құрамында 9-12 жас аралығындағы балғын ойыншылар қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев қатысушыларға сәттілік тіледі. Балалар кәнігі ойыншылардай қызықты да тартысты ойын көрсетті.  

Әр команда намысты қолдан бермеуге тырысты. Десе де, ойынның аты ойын. Бес ойынның нәтижесі бойынша турнирдің жеңімпазы болып «Болашақ» командасы танылды. Ал «CZhS Tiger kids» және «Real boys» командалары өзара 2-ші және 3-ші орындарды бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сый  лықтармен марапатталды. Ойынға белсенді қатысқан «Lokomotiv» командасы да елеусіз қалмай, арнайы дипломмен марапатталды. Ерекше көзге түскен спортшыларға да қосымша сыйлықтар берілді. Жарыс барысында жас ойыншыларға жеміс-жидек, бәліш таратылып, сумен қамтамасыз етілді. Командаларға арнап тігілген спорттық формалар ойыншыларға сыйлық ретінде тарту етілді. Турнирге қатысушылар мен жанкүйерлер үшін аквагрим және естелік суретке түсу үшін фотобудка ұйымдастырылды.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады