Теміржолшылар арасында шағын футболдан жарыс өтті

Спорт
20.12.2022, 11:42
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздік күніне орай Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясының цехтары арасында теміржолшылардың жақсы көретін спорт түрінің бірі – шағын футболдан жарыс өтті.

Дистанция кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен спорттық шараға дистанцияішілік цехтардан 5 команда қатысты. Олар: шеберхана цехы, СЦБ 2, ЛАЗ, КИП СЦБ және АУР командалары. Бір мекемеде еңбек ететін жігіттер бірнеше топқа бөлініп, өзара жарыс көрігін қыздырып, жақсы ойын көрсетті. Әр цех ойыншылары намысты қолдан бермеуге тырысып-ақ бақты. Оның үстіне әлем чемпионатын көріп рухтанған жігіттер дәл пастар беріп, әдемі голдар соғып жатты. Бес топқа бөлінсе де бір ұжым емес пе, ойын алаңында қарсылас болса да бір жағадан бас шығарып, жарысты өте ұйымшылдықпен өткізді. Соңғы ойында бірінші орынды шеберхана цехы командасы иемденетіні белгілі болды. Екінші орынға таласқан СЦБ 2 командасы мен ЛАЗ командасының ойынында бірінші команданың бағы жанды. Ал лаздықтар үшінші орынды қанағат тұтты. Десе де, бөле-жармай «достық жеңді» деп тарасқан командалар кәсіподақ атынан сый-сияпатқа ие болды. Жеңімпаз командалар арнайы диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті