Атырауда бильярдтан турнир өтті

Спорт
11.07.2023, 10:58
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Атырау қаласындағы «Бомонд» бильярд клубында өлке теміржолшылары арасында Салалық кәсіподақ төрағасы жүлдесі үшін турнир өтті.

Турнирді салалық кәсіподақтың Атырау аймағы бойынша өкілдігі «Локомотив» ФСК спорт нұсқаушыларымен бірлесе ұйымдастырды. Оған Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінен сегіз команда қатысты. Атап айтқанда Атырау және Мақат локомотив пайдалану деполары, Теңдік, Ақжайық станциялары, Атырау және Құлсары жол дистанциялары, Атырау және Ақжайық белгі беру дистанцияларының командалары тастаяқ шарын көздеуден шеберліктерін сынға салып, барын салды. Қол жүріп кетсе, допша домалап, ал кейде қанша тырыссаң да ырыққа көнбей кететін бұл ойынның сондай өзіндік ерекшелігі де бар. Мүлт кетсең, бағың тайып, барыңнан айрыласың. Шарды шарға ұрып дөп тигізсең, ұпайың көбейеді. Сондықтан да ойыншылардың шеберлігі сыналған бұл күні қапы кеткен де, нысанаға дәл атқан да сәттер болды.  

Ойын қорытындысы бойынша жүлделі 3-орынды Атырау локомотив пайдалану депосы тепловоз машинисінің көмекшісі Талғат Мұқашев, 2-орынды НЖС-13 бөлімшесіне қарасты вокзал шаруашылығы бөлімінің бастығы Айбек Қуанышев, ал бірінші орынды Мақат локомотив пайдалану депосы тепловоз машинисінің көмекшісі Райымбек Есениязов жеңіп алды. Жеңімпаздар грамоталармен және ақшалай сыйлықпен, ал барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтармен марапатталды. Атырау жүк тасымалы кәсіподақ ұйымының спорт нұсқаушысы Ринат Иманғазиевтің айтуынша, өңірде өткен турнирде жеңімпаз атанған тастаяқ ойынының шебері Р.Есениязов бильярдтан Павлодар қаласында өтетін финалдық жарыста Атырау өңірінің намысын қорғайды.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды