Түркістанда Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай спартакиада өтті

Спорт
07.03.2024, 15:17
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістанда Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай «Қазкөліккәсіп» Шымкент магистральдық желісінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен теміржолшылар арасында шағын футбол, үстел теннисі және шахматтан спартакиада өтті. 

Жарысқа оңтүстік өлкедегі теміржол мекемелерінен 80 спортшы қатысты. Жеребе арқылы қарсыласы анықталған шахмат ойынында Түркістан станциясының қызметкері Бауыржан Ахымбеков ой озығымен дараланып, жеңімпаз атанды. Ал екінші және үшінші орындарды Түркістан локомотив пайдалану депосының қызметкері Нұрлан Әбдікәрімов пен Әскерилендірілген теміржол күзеті мекемесінің маманы Сералы Жаңабеков өзара бөлісті. Үстел тенисінен өткен бәсекеде ТЧЭ-33 мекемесінің машинист көмекшісі Бейбіт Керімбековтің ептілігі мен шапшаңдығы үйлесім тауып, қарсыластарынан үстем шығып, жеңімпаз деп танылды. Екінші орынды осы мекеменің машинисі Нұржан Дәулетбеков қанжығасына байласа, 3-ші орынды Вокзал шаруашылығы мекемесінің вокзал кезекшісі Қалдыбай Шотаев еншіледі.

«Қазкөліккәсіп» Шымкент магистральдық желісінің кәсіподақ ұйымының спорт-нұсқаушысы Көмек Асанов төрешілік еткен кіші футболдан командалық жарыста ТЧЭ-33 мекемесінің жігіттері бірінші орынды жеңіп алды. Түркістан станциясының ұжымы екінші орын мінберінен табылса, Әскерилендірілген темір жол күзетінің командасы 3-орынды қанағат тұтты. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті