Шаған станциясында мерекелік шара өтті (Фото)

Спорт
24.06.2024, 12:33
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Семей жол дистанциясы іргетасының қаланғанына 110 жыл толады. Жолшылар қауымы осынау мерекені қазақ теміржолының 120 жылдық мерекесімен орайластырып атап өтуге кірісті. Атап айтсақ, жуырда ПЧ-39 мекемесіне қарасты Шаған станциясында теміржолшылар қауымы үшін айшықты мерекелік шара болып өтті.

Жаңа-Семей – Дегелең станциясының дәл ортасында орын тепкен Шаған станциясы тұрғындарының басым бөлігі теміржолшылар. Сондықтан болар бұл жолғы мерекенің орны бөлек. Салтанатты жиынның беташар рәсімін Семей жол дистанциясының бастығы, Құрметті теміржолшы Рахат Ботаспаев жасады. Барша қауымды келе жатқан мерекемен құттықтап, сайысқа қатысушыларға лебіз білдірді.

– Жолшылар жұмысы қашанда қауырт, қашан да ауыр. Десек те, бір ауық бой жазып, кәсіби мерекенің мәнін сезініп, жоғары көңіл күймен атап өтуге ештеңе жетпейді. Биыл мекемеміздің құрылғанына 110 жыл. Осы мейрамды шалғайдағы теміржолшылар да сезініп, қуанышпен атап өткенін қалаймыз. Кәсіподақ ұйымымен бірлесіп өткізіліп отырған бүгінгі мерекелік шара осы станцияның барша тұрғындарына ортақ, – деді Рахат Нұрғазыұлы.    

Өз сөзінде «Қазкөліккәсіп» ҚБ өкілі Есен Қажығұлов та құттықтау тілек білдіріп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Кент әкімінің де жүрекжарды лебізі тыңдалды. Бұл күні станциядағы орталық саябақта сахна құрылып, жиналғандар ән тыңдады. Би де биледі. Сондай-ақ арнайы тігілген киіз үйде мерекелік дастархан жайылып, алаң іргесінде жәрмеңке ұйымдастырылып, сауда қыза түсті. Мерекеге іргелес станциялардағы теміржолшылар мен жергілікті тұрғындар да келді. Ал балалар үшін спорттық сайыстар өткізіліп, оған қатысқан барлық балақайларға сыйлықтар таратылды.  

Десек те, мерекелік шараның ең қызықты тұсы минифутбол ойыны болды. Оған ПЧ-39-ға қарасты үш өндірістік телімнен үш команда қатысты. Кездесулер  тартысты өткенімен барлық футболшылар ойын әдебін сақтады. Алма-кезек қарымта алмасып, шиеленісті шабуыл ұйымдастырып, ұпай санын кезектесе арттырды. Нәтижесінде сонау алыстан келген, яғни солтүстік тармақтағы Ауыл, Белағаш станциясының жолшылары бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды орталықтан, Семей қаласынан келген жолшылар иеленді. Ал жүлделі үшінші орынды Дегелең мен Шаған жолшылары қанағат тұтты. Барлық командалар кәсіподақ ұйымы әзірлеген ақшалай сыйлыққа ие болды. Сол тәрізді тамаша ойын өрнегін көрсеткен үздік қақпашы мен үздік шабуылшы да марапатталды. Өз кезегінде Семей жол дистанциясының кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғалымбек Түкібаев көмек көрсеткен кент әкіміне де естелік сыйлық тарту етті.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады