Тараз станциясы спартакиада жеңімпазы атанды

Спорт
15.07.2024, 13:18
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Ғафу Несіпбаев пен  ұйымдастыру, кадрлық, ақпараттық және халықаралық жұмыстар бойынша бас менеджері Амангелді Төреғожин Жамбылға жұмыс сапарымен келді.      

Жұмыс сапары аясында  Кәсіподақ ұйымына кіретін  құрылымдарды аралап,  жұмысшылардың хал-ахуалы, еңбек қорғау жағдайымен танысқан  олар Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай ұйымдастырылған спартакиаданың ашылу салтанатына қатысты.

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі құрылымдары арасында боулингтен өткен жарыста  қыз-келіншектер бақ сынады. Сайыста 6 команда сынға түсті. Нәтиже балдық жүйемен анықталатындықтан, ойыншылар барынша дәл көздеуге тырысты. Ұпай саны автоматты түрде есептеліп отырды.  

Жарыс қорытындысында «ДС – Тараз» командасы жеңіске жетіп, жүлделі орныннан көрінді.  «ТЧЭ- 31» командасы 2-орынды иеленсе, «НОД-8» ойыншылары 3-орынды қанағат тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен дипломдар, арнайы сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар, барлық қатысушылар «ҚТЖ – 120» символдық жазуы бар тәтті торттан ауыз тиді.  

Астаналық қонақтар сонымен қатар  Жамбыл локомотив пайдалану депосының жарты ғасырлық тарихы бар музейін тамашалады.  Осыдан тура 100 жыл бұрын құрылған локомотив пайдалану депосы музейінің өзіне биыл 51 жыл толып отыр. Музей меңгерушісі Венера Букенованың айтуынша, бөлімшеде  музей ашылғанда көптеген құнды жәдігер сонда көшірілген.  Дегенмен, негізгі базаны сақтап қалыпты. Түркісіб теміржолы мен жерасты өткелінің макеті де осы музейде тұр.

– Биыл локомотив пайдалану депосының 100 жылдық мерейтойы шеңберінде музейге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңғыртсақ дейміз, – дейді Жамбыл локомотив депосының басшысы Нұрболат Нұрсейітов.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды