Алматыда пауэрлифтинг пен пара пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі өндірістік бөлімінің инженері Дәурен Мадижан өз салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Дәурен - көптеген халықаралық күрес турнирлерінің чемпионы және жүлдегері. Спорт шебері атағы бар.
2023 жылы Дәурен Мадижан пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында өзінің салмақ дәрежесінде екінші орын алған болатын.
