Ақтөбеде теміржолшылар арасында спорттық сайыстар өтті

Спорт
03.12.2024, 09:13
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде теміржолшылар арасында спорттық бірнеше түрінен жарыс өтті. Байрақты бәсеке Қазақстан темір жолының 120 жылдығы мен Хромтау-Алтынсарин темір жолының 20 жылдығына арналды.  

29-30 қарашада өткен спартакиадаға 200-ге жуық теміржолшы қатысты. Шалқар, Ақтөбе, Жем, Қандыағаш, Әйтеке би, Никельтау және Орал құрамалары 8 командаға бөлініп, өзара бақ сынасты.  Салауатты өмір сүру салтын ұстанған теміржолшылар спорттың қай түрі болса да осал емес. Бұл жолы да теннис, тоғызқұмалақ, шағын футбол, киберспорт түрлері бойынша сайысқа түскен командалар бір-бірінен шеберліктерін асыруға тырысты. Дегенмен сайыстың аты – сайыс, жалпы командалық есепте Қандыағаш құрама командасы топ жарып, 1-орынды имденді. Жүлделі 2-орынды – Ақтөбе, 3-орынды Жем командалары еншіледі.

«Биыл Қазақстан темір жолы 120 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Отандық теміржол жылдан-жылға әлеуеті артып, халықаралық транзиттік дәліздер дамуда. «Ғасыр құрылысы» атанған «Хромтау-Алтынсарин» теміржол құрылысы да тәуелсіздік жемісі. Ел ішіндегі өңірлерді байланыстыратын темір жолдар игілігін көріп отырмыз. Бүгінгі ойынға қатысқан барлық командаларға алғыс айтамын», – деді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Бөріхан Беркімбаев.

Айта кетейік, 2004 жылдың қараша айында пайдалануға берілген «Хромтау-Алтынсарин» теміржол желісі елдің шығысын батыспен, орталық аймақтарды оңтүстігімен біріктірді және шығыстан жүк жеткізу ұзақтығын 2 мың, ал жолаушы пойыздарының жолын 1,5 мың шақырымға қысқартты.  

Спартакиаданың соңғы күнінде байрақты бәсекеде бас қосқан жеңімпаз командалар мен үздік ойын көрсеткен теміржолшыларды кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтті.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда