Семейлік теміржолшылар шаңғымен жарысты

Спорт
20.02.2025, 11:08
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай биыл да қарағайлы орман ішінде шаңғы жолымен сайысқа шықты. Бөлімшенің салалық кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен өткен шараға желі бойындағы қысқы спорт түрлерін серік ететін теміржолшылар мен барша кәсіподақ белсенділері жиналды.

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей аймағы бойынша өкілі Есен Қажығұлов жиналғандар алдында сөз алып, жылы лебіз білдірді. Шаңғы тебу семейліктердің сүйікті спортттық түріне айналғанын айтып өтіп, жарыс жолында сәттілік тіледі.  

Жарыс ерлер мен әйелдер арасында өткізіліп, спортшылар негізгі және ардагерлер болып екі топқа бөлінді. Осыған дейін де шаңғыны серік ететін семейлік теміржолшы арулар арасында кәсіподақ белсендісі Сәуле Асқарова мен Салтанат Закариянова нағыз шеберліктерін көрсетіп, сөреге бірінші келді. Өз топтарында ПЧ-39 спортшысы Анара Нығметжанова мен НЖС-6 қызметкері Гүлнар Бейсекеева да үздіктер қатарынан табылды.

Ал ерлер арасында ПЧ-40 теміржолшысы Сергей Воронов алдына қара салдырмай мәре сызығын бірінші кессе, екінші орынды ЭЧ-18 мекемесінен Еркін Қабышев алды. Үшінші орынды сәл ғана секундтар артта қалған ВЧД-23 шаңғышысы Мұрагер Қасымханов иеленді.

Егде жастағы сала қызметкерлері де жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе алды. Адагерлер арасында бірінші орынды ПЧ-40 спортшысы Мақсұт Түсіпбеков жеңіп алды. Кейінгі орындарды ӘТЖК Семей филиалының қызметкерлері Думан Оспанов пен Дәулетхан Оразбеков иеленді.

Бұл сайыста командалық көрсеткіштер де есепке алынды. 35 ұпай жинаған ЭЧ-18 командасы биылғы біріншіліктің жеңімпазы атанды. Екінші орынды 30 ұпаймен ПЧ-40 командасы иеленсе, үздіктердің үштігін 26 ұпаймен Семей жол дистанциясының әуесқой шаңғышылары қорытындылады.  

Аталмыш шараны ұйымдастырып өткізген жергілікті «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталия Мешкованың айтуынша, биылғы көрсеткіш өте жоғары, теміржолшылардың да ынтасы артқан.

Сайыс соңында барлық жеңімпаздар кәсіподақ ұйымы әзірлеген арнайы грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады