«Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері арасында алғаш қысқы Спартакиада өтті

Спорт
25.02.2025, 09:10
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада 22-23 ақпанда «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері арасында алғашқы қысқы Спартакиада өтті. Қатысушылар екі спорт түрі: шаңғы және хоккей бойынша сынға түсті. Спорттық іс-шараға қорға қарасты компаниялардан 400-ден астам адам қатысып, екі күн қатарынан елорданы дүбірге бөледі.

«Барыс Арена» спорт кешенінде өткен жарыстың ашылуында мәнерлеп сырғанаушылардың әсерлі шоуы, мұз бен от – мұның бәрі қысқы басты спорттық спартакиаданың сән-салтанатын асыра түсті. Спартакиада алауының жағылуы спортшылармен қатар көпшілікке де ерекше әсер сыйлап, жарыс жолына шыққан командаларға қошемет көрсетіп қол соққан жанкүйерлердің қиқуына ұласып жатты. Жарыс екі күн қатарынан қызу жүрді. Шаңғы сайысында ерлер мен әйелдер 40 жасқа дейін және одан жоғары екі санат бойынша жарыс жолына түсті. Ерлер арасында екі күнде де хоккей ойыны бір толастамай, мықты командалар іріктеліп қалды. Нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» АҚ командасының ойыншылары шеберліктерін асырып, хоккейден 1-орынды жеңіп алды. 2-орынды Samruk United, 3-орынды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ командалары иемденді.  

Ал шаңғы жарысынан 40 жасқа дейінгі ерлер арасында 2-3 орындарды ҚТЖ қызметкерлері Мәдет Әбікен пен Алексей Янковский иеленді. 40 жастан жоғары ерлер арасында 3-орынға ҚТЖ қызметкері Николай Куяниченко, 40 жасқа дейінгі әйелдер арасында 1-2-3 орындарға ҚТЖ қызметкерлері – Галина Золотухина, Малика Рахимбаева, Лиля Бадртдинова ие болды. 40 жастан жоғары әйелдер арасында 3-орынға ҚТЖ қызметкері Марьяна Дощанова лайық деп бағаланды. Сонымен қатар «Үздік жанкүйерлер» аталымы да Қазақстан темір жолына берілді. Хоккейден «Үздік қорғаушы» аталымын теміржолшы Рүстем Жұмағұлов иеленді. Спорттық дода аясында «Үздік аққала» байқауы өтіп, онда жас теміржолшылар соққан аққала үздік деп танылды. Бұл сайыста басты талап қатысушылар аққаланы өз салаларының ерекшелігіне қарай жасау керек болды.

– Спорт – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Ал бұл спартакиада әр компаниядағы мықты спортшылардың бірегей мүмкіндіктері мен күшін, төзімі мен командалық рухын көрсетті. Бұл сайыста сынға түскен темірдей төзімді теміржолшылар ҚТЖ қоржынына ең көп жүлде салды. Осылайша компаниямыздың беделі артып, салауатты өмірді сақтауда алда екенін, осы бағытта өз қызметкерлеріне үнемі қолдау білдіретінін тағы да паш етті, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы Серік Кеулімжаев.  

Орталық саябақта өткен спортакиаданың жабылу салтанаты қатысушылар мен елорда тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады. Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы аниматорлар ойыны, би, квест, тәтті тағамдар таратылды. Сонымен қатар бағдарлама аясында «Ең креативті аққала» аталымынан басқа «Ең үздік ашылған өндірістік тақырып», «Үздік командалық рух» аталымдары бойынша да марапаттар берілді.  

Қысқасы, ҚТЖ қоржыны жүлдеге толған спорт мерекесі теміржолшыларға ерекше мотивация сыйлады.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады