Ақтөбе станциясында теміржолшылар арасында футболдан турнир өтті

Спорт
19.01.2026, 10:58
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясында белсенді жастардың бастамасымен станция қызметкерлері арасында шағын футболдан «Ақтөбе станциясы кубогі» ұйымдастырылды. Спорттық шара ұжымдағы ынтымақты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Жарысқа станцияның түрлі бөлімшелерінен құралған алты команда қатысып, жасыл алаңда өзара бақ сынасты. Барлық команда жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлер қызықты да тартысты кездесулерге куә болды. Әр матчта спорттық рух пен өзара құрмет сақталып, қолдауға келген теміржолшыларға әсерлі сәттер сыйлады.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Бекет» командасы иеленді. Екінші орынға «Южпромснаб» командасы тұрақтаса, үшінші орынды «Вагон құрастырушылар» командасы еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен арнайы марапаттар табысталды.

– Теміржол саласы – тәртіпті, төзімділікті және үлкен жауапкершілікті талап ететін сала. Ал спорт – дәл осы қасиеттерді шыңдайтын, ерік-жігерді нығайтатын орта. Сіздер осы екі бағытты қатар алып жүріп, нағыз теміржолшыға тән қайсарлық пен бірлікті көрсетіп жүрсіздер. Әр жарыста сіздер тек өз шеберліктеріңізді ғана емес, ұжымның намысын, команда абыройын қорғадыңыздар. Командалық рух, өзара қолдау, жеңіске деген сенім – жетістіктеріңіздің басты кепілі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, теміржолшылардың спорттағы да әлеуеті жоғары екенін дәлелдей берулеріңізге тілектеспіз, – деді станция басшысы Нұрлан Ермағамбетов.

Спорттық шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған Асхат Көптілеуов бастаған белсенді жастарға алғыс айтылып, мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын таба беретініне сенім білдірілді.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды