Жеңіс тұғырында – локомотившілер

Спорт
09.04.2026, 18:55
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар арасында допты ойындар бойынша бөлімше біріншілігі жалауын көтерді. Бұл жолғы сайыс спорттың волейбол түрінен өтті.

Байрақты бәсеке бір ай бұрын хабарланғандықтан қатысуға тілек білдірген барша командалар тыңғылықты даярлықтан өтіп, кіл мықтылар ғана іріктелген болатын. Мәселен, желі бойындағы Жарма станциясы өз алдына жеке команда жасақтапты. Біріншіліктің ашылу салтанатында «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов сөз алып, барлық командаға сәттілік тіледі.  

Алғашқы кездесуді бөлімше бойынша азулы командалар саналатын ТЧЭ-24 пен НЖС-6 командалары өткізді. Бұл жолы локомотившілердің жолы болды. Сол тәрізді алғашқы іріктеу ойындарын ЭЧ-18, ВЧД-23, ӘТЖК, ПЧ-39 командалары өткізіп, өзара мықтыларды анықтады.  

Бұл – шын мәнінде нағыз шеберлік сайысы болды. Ақтық сайысқа бағы жанып, топ жарған екі команда ТЧЭ-24 пен ПЧ-40 ойыншылары шығып, әдемі ойын өрнегін көрсетті. Жанкүйерлердің қиқу салуымен мейлінше тартысты өрбіген кездесу барысында ұпай санымен Семей локомотив пайдалану депосының волейболшылары жеңімпаз атанды. Берік Мұрымбаев, Нұрлан Айтымбетов, Айбек Хасенов, Мейір Садуахасов, Жанат Шаймарданов сынды бабы келіскен әуесқой ойыншылардың сауатты ойыны командаларын алға жетеледі. Ал біріншіліктің бас жүлдесін иелену жолында барын салған Жаңа-Семей жол дистанциясының жігіттері бұл жолы екінші орынды қанағат тұтты. Бөлімшедегі «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталья Мешкованың айтуынша, алдағы уақытта спорттың басқа түрлерінен де сайыстар өткізілмек.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады