«Казпрофтранс-2021» Темір жол футбол лигасының кубогы» іріктеу ойыны өтті

Спорт
02.07.2021, 15:03
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жергілікті теміржолшылардың жақсы көретін спорт түрінің бірі – шағын футбол. Осы спорт түрінен Атырауда жыл сайын бірнеше жарыс өтеді. Жуырда кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен жуырда Ганюшкино станциясында «Казпрофтранс 2021» Темір жол футбол лигасының кубогы» іріктеу ойыны өтті. Турнирге Ганюшкино торабының 4 командасы қатысты. Олар – Ганюшкино станциясы, ВЧДЭ-1, ТЧЭ-3 және ВЖДО командалары. Күннің ми қайнатар ыстығына қарамастан командалар ойынды ақырына дейін ойнап шықты. Мектептің футбол алаңында өткен жарыста қарсыласына ұпай бермеуге тырысқан ойыншылар қызу додаға түсіп, тартысты да шиеленісті ойын көрсетті. Бірі жеңіп, екіншісі жеңіліп жатқан командалар ойынын қызықтаушылар да қиқуға басып, көптен болмаған қызыққа батты. Бірнеше сағатқа созылған талас пен тартысқа толы ойын локомотившілер пайдасына шешіліп, жүлделі бірінші орын тұғырынан көрінді. Екінші орынды әскерилендірілген күзет қызметі командасы иеленді. Ал, үшінші орынды вагоншылар ұтса, Ганюшкино станциясы командасы төртінші орынды місе тұтты. Сөйтіп, жеңімпаз Атырау локомотив депосы Ганюшкино бөлімінің футбол командасы Атырау қаласында өтетін келесі іріктеу ойынына жолдама алды. Командаларға сайысқа қатысқаны үшін диплом мен арнайы сыйлық табыс етілді. Атырау жүк тасымалы кәсіподақ ұйымының спорт жөніндегі нұсқаушысы Ринат Иманғазиевтің айтуынша, мұндай іріктеу ойындары барлық аудандық тораптарда және темір жол мекемелерінде өтеді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті