Локомтившілер жеңіске жетті

Спорт
19.07.2021, 09:55
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Казпрофтранс 2021» Темір жол футбол лигасы Кубогының» іріктеу ойындары өңірде өз жалғасын тауып жатыр. Маусым айында басталған аудандық тораптардағы ойындар аяқталып, жуырда Атырау қаласындағы темір жол мекемелері арасында сайыс өтті. Турнирге алты команда: Атырау жүк тасымалы бөлімшесі, Атырау вагон депосы, Атырау локомотив депосы, «Транстелеком» АҚ, Атырау байланыс және сигнализация дистанциясы және «Локомотив» футбол командалары қатысып, өзара сайысқа түсті. Атырау жүк тасымалы кәсіподақ ұйымының спорт жөніндегі нұсқаушысы Ринат Иманғазиевтің айтуынша, командалардың бәрі де жарысқа үлкен дайындықпен келген. Алты команда екі топқа бөлініп, әуелі бірінші, сонан соң екінші топтағылар ойыны басталды. Ә дегеннен-ақ Атырау локомотив депосының ойыншылары ерекше қарқын танытып, қарсыластарын тұқыртып тастады. Қалай дегенмен де футзалдан Қазақстан әуесқой командалары арасында өткен жарыстарда өнер көрсетіп жүрген олар кәнігі кәсіпқойларша шебер ойын өрнегін көрсетіп, үйіріп ала кеткені белгілі болды. Бірақ басқа командалар да есе жібермеуге жан салып, намысты қолдан бермеуге тырысты. Ойыншылар таластартыста қызу додаға түсіп, өте тамаша ойын көрсетіп, пандемияға байланысты жанкүйерлердің болмағаны ғана әттеген ай дегізді. Ойын қорытындысы бойынша, әрине әу бастан жеке дара шапқан Атырау локомотив депосының командасы 1-ші орынды жеңіп алды. Машинистердің көп болуына орай олардан екі команда құралған болатын. Екінші орынды сол «Локомотив» командасы иеленсе, Атырау жүк тасымалы командасы 3-ші орынға шықты. Жеңімпаз локомтившілер енді тораптық командалар арасындағы келесі іріктеу ойынына қатысады.

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды