Қайта ашылған кен орындары Жалғызтөбе станциясының тамырына қан жүгіртті

Станция тынысы
28.01.2022, 17:03
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы ширек ғасырда жаңарудың сан түрлі сатысынан өтіп, жаңғырған станциялардың бірі – байырғы Түрксіб магистралінің бойында орын тепкен Жаңғызтөбе станциясы.

Жарма-Шар телімінің 817,1 шақырымында орналасқан 3-класты Жаңғызтөбе станциясы бүгінде құрылымдық тұрғыдан жаңартылып жатыр. Бұл жайт әсіресе соңғы бес жылдың ішінде күрт қарқын алған. Жолаушы- ларға қызмет көрсету саласы ғана емес, өндіріс көлемі де жыл санап арту үстінде. Осы өңірдегі қайтадан ашылған кен орында- рынан құрамында алтыны бар сульфидті руда өндіру жолға қойылғалы бері жүк тиеу көлемі ғарыштық жылдамдықпен өсті. Сәйкесінше, ұлттық компания мен бөлімше басшылығы тарапынан жасалған оңтайлы жағдайлар жүк айналымына, жалпы өндіріске серпін берді. Мәселен, 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін вагондарға жүк тиеу көлемі бірнеше есеге өсіпті. Яғни, осыдан он жыл бұрын небары 296 вагонға жүк артылса, өткен жылы 7 200 вагон жөнелтілді. Ал, биылғы жылғы болжамды жоспар бойынша жүк тиеу 8 000 вагонға жеткізілмек.

Сонымен бірге, мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында халықаралық маңызға   ие Қалбатау-Майқапшағай күре жолының күрделі жөндеуден өтуі себепті «Қазавтожол» АҚ тапсырысы бойынша қиыршық тас, құм, дизельді отын мен битум тәрізді бірқатар құрылыс заттары да үздіксіз жеткізілуде. Атап айтсақ, станция бойынша 2016 жылдан бері жүк түсіру 193 пайызға өсіпті. Дәл осы жылы 802 вагон жүк түсірілсе, өткен жылы оның көлемі 2000 вагонға артты. Ал, биылғы жылға жасалған болжам 2 300 вагон жүк түсіру болып отыр.

Бүгінде Жаңғызтөбе станциясы бойынша айына шамамен 800- 850 тонна жүк артылуда. Өндіріс көлемінің артуына байланысты ай сайын дерлік жаңадан жұмыс орындары ашылып, жолшылар, байланысшылар, сонымен қатар пойыз құрастырушылар жұмысқа алынған. Клиенттермен жұмыс ерекше жолға қойылған. Мәселен, жүк түсіру бойынша түрік және қытайлық компаниялардың аймақтық өкілдерінен өтініштер келіп түсуде. Осылайша станцияның жүк айналымы бойынша әкелетін жылдық табысы миллиард теңгеден асады. Осыған орай Жаңғызтөбеге екінші класты станция дәрежесін беріп, өндірістің ұлғаюына сәйкес бірқатар күрделі қызметтік өзгерістер енгізу көзделуде. Жалпы, жаңғырған Жаңғызтөбе станциясы ұлттық компанияның бүгінгі жетістіктерін әйгілеп тұр десек, қателеспейміз. Тек жүк айналымы бойынша ғана емес, аймақтағы жолаушы тасымалында маңызды нысанға айналған теміржол вокзалы да жаңартылыпты. Тәулігіне шамамен 80-100 жолаушы шартараптан келіп түседі. Олар үшін қолайлылық арттырылған. Инфрақұрылымды дамыту мақсатында станция басшысы Азамат Нұрғалиев бастаған жергілікті теміржолшылар жыл басынан бері қарқынды жұмыс жүргізуде. Теміржолшылардың күш салуымен кеңес дәуірінде тоқтап қалған қосымша кірме жолдар қайтадан іске қосылыпты.

– Аймақ бойынша, өткен ғасырдың 90-шы жылдары орын алған тоқырау тұсында жабылып қалған байырғы кен орындары қайта ашылып жатыр. Соның нәтижесінде әлеуетті клиенттер тарапынан тұйық желілер салуға байланысты ұсыныстар көптеп түсуде. Сондай-ақ, пайдаланусыз қалған кірме жолдар мен қосалқы жолдар толықтай орташа жөндеуден өтті. Бұдан өзге теміржол вокзалына жаңадан су жүйесі тартылып, кең көлемде күрделі жөндеуден өтті, – дейді станция басшысы.

Қазіргі уақытта 100-ден аса теміржолшы тұратын шағын кент осылайша ұлттық компания тарапынан жасалған бастамалар нәтижесінде өркендеу үстінде.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті