Шар станциясы бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр

Станция тынысы
19.04.2022, 10:55
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Шығыстағы Шар станциясы қарбаласқа толы. Алматы, Өскемен, Семей бағдары бойынша үш бағытта қызмет көрсететін 2-ші класты станцияда жұмыс әдеттен тыс қызып тұр. Вагон айналымының артуына жүк тасымалының ұлғайып, тиеу-түсіру жұмыстарының қарқын алуы себеп болып отыр.

Бүгін, мысалы, станцияға тәулігіне 2894 вагон келген. Мұндай толассыз вагон ағыны осыған дейін станция тарихында тіркелмеген деуге болады. Соның нәтижесінде өткен үш айдағы вагон айналымы 3104 бірлікті құраған. Жазғы маусымда бұл көрсеткіштің тағы да өсуі күтілуде.

Тыңнан жасақталатын жүк пойыздарын кестеден кешіктірмеу күн тәртібінде тұр. Таңертеңгілік кезекшілік жүргізу алдындағы нұсқаулықта бұл бағыттағы шаралар міндетті түрде пысықталады. Станция бастығы Бейімбет Бейбітұлы пойыз құрастырушылар үшін тәулік ішіндегі атқарылуы тиіс шараларды бірінші кезекте назарға алады.

Осындай тыңғылықты жұмыстар нәтижесінде өткен тоқсан ішінде 182 пойыз жедел түрде құрастырылып, жолға шығарылған. Өткен жылдың есепті мерзіміндегі көрсеткіш бұдан әлдеқайда төмен болатын. Жалпы, Шар станциясы бойынша вагон іркілісін туғызбау аса маңызды. Станция басында тастанды пойыздардың қалыптаспауына ерекше мән беріледі. Себебі, мұнда транзит ағыны да мол. Әрі үш бағыттан келетін пойыздар түйіседі. Жылжымалы құрамдарды қабылдау, жөнелтуді іркіліссіз сапалы жүргізу – басты талап.

– Соңғы тоқсанның қорытындысы бойынша ұлттық компания клиенттері тарапынан түсетін тапсырыс санының артуы байқалады. Сондықтан, соңғы уақыттарда ұзын құрамдарды әзірлеуді қолға алып жатырмыз. Ауыр салмақты пойыздарды құрастыруға да мүмкіндігіміз мол, – дейді станция бастығы Бейімбет Бейбітұлы.

Станцияның тұрақты клиенті «Беркут» РМК жанармайға беретін тапсырысты арттыру үстінде екен. Оның сыртында жүк тасымалы да ай сайын өсіп келеді. Құрылыс материалы мен жанармай және көмірге тапсырыс көбейген. Сондықтан станцияда негізінен жүк түсіруге баса ден қойылуда. Бұл шаралардан бөлек пандемиядан кейін қайтадан іске қосылған жолаушылар пойыздары да қозғалысқа айрықша ықпал етіп отыр. Мәселен, қайта жанданған қос бағыттағы 351-352 мен 301-302-ші пойыздарды күтіп алу мен шығарып салудың өзіндік тәртібі қайтадан әзірленген. Соңғы үш айдың ішінде 992 жолаушылар пойызы Шарға аялдаған екен. Ал, өткен жылы олардың көлемі тек 503 қана болған еді. Жалпы, қазіргі таңда жолаушылар ағыны мол Шар станциясы тәулігіне 18 жолаушылар пойызы келеді.

Қазіргі уақытта станция қызметкерлері сәуір айының 25 күні басталатын көктемгі комиссиялық бақылауға даярлық шараларын күшейткен. Станциядағы өндірістік процестер толықтай сарапталып, құжатталып, тіркеуге алынуда.

Қалай десек те, бүгінгі таңда Шар станциясының шаруасы түгел. Пандемиядан кейінгі бірден қарқын алған жүк тасымалын жүргізу мен реттеуде бөлімшенің бел ортасында орналасқан станцияның маңызы да өте зор. Ал жергілікті теміржолшылар жауапкершілік үдесінен шығу үшін аянбайды.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті