Табысқа жетелейтін фактор

Станция тынысы
10.06.2025, 08:52
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты Сексеуіл станциясы аймақтағы көшбасшы ұжым саналады. Бөлімшенің солтүстігіндегі тораптық станция теміржолшылары еңбектің көзін таба білу, табысқа жетелейтін басты фактор деп біледі. Оған олардың мамыр айын қомақты табыспен қорытындылауы дәлел.

Сексеуіл станциясы арқылы пойыз құрамалары Арыс, Жезқазған, Шалқар бағытына жөнелтіледі. Мамыр айында пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол берілмей, барлық өндірістік көрсеткіштер асыра орындалған.  

– Мамыр айында жүк тиеу мен түсіру жұмыстары бекітілген жоспардан асыра орындалды: 47 вагонға жүк тиеу межесін 72 вагонға дейін жеткізіп жоспарды екі есеге жуық асыра орындай білдік. Ал бес ай ішінде 178 вагон жүк тиелді. Сонымен қатар, мамырда 118 вагоннан, ал бес айда 698 вагоннан жүк түсірілген. Аталған көрсеткіштердің жоспардан асыра орындалуы станциядағы жұмыстардың кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы мен орындалуында деп білемін. Станцияда жұмыс істейтін әрбір теміржолшының өздеріне бекітілген жұмыстарды кәсіби деңгейде атқара білуінің нәтижесі. Жалпы менің әріптестерімнің барлығы кәсіби деңгейі жоғары, тәжірибелі теміржолшылар. Дегенмен мамыр айында ерекше көзге түскен әріптестерімнің атын атап өту арқылы оларға деген алғыс-құрметімді жеткізгім келеді. Мәселен маневр диспетчері Илиясов Қазбек станцияға келген пойыздарды кесте бойынша реттеп, барлық пойызды шашау шығармай қабылдап-жөнелткен кәсіби шеберлігімен көзге түсті. Ал, станция кезекшісі Абдирахманов Жаппарберді болса кезекшілік кезінде пойыздарға қатысты жұмыстарды біліктілікпен атқарды.  

Тасымал құжаттарын сұрыптаушы Жұлдыздай Даутова да құжат рәсімдеуде сауатты әрекет етті. Тауар кассирі Гүләнда Кабулова құжаттардың рәсімделуіне байланысты кассалық жұмыстарды шапшаң рәсімдеп отырды. Ал жүк қабылдап тапсырушы Сарбиназ Иманалиев жүк құжаттарын дер кезінде реттей білді. Пойыз құрастырушы Сериков Қуаныш болса жүк вагондарын сұрыптау кезінде қауіпсіздікті сақтай отырып сауатты қимылдап, кәсіби теміржолшыға тән еңбек етті. Аталған әріптестерімнің қай-қайсысы да ұжымның ортақ табысына осылай өз үлесін қосқан таңдаулы теміржолшылар, – деді Сексеуіл станциясының бастығы Абдулхамит Тұрмантаев.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда