Жосалы станциясы жылды табысты қорытындылады

Станция тынысы
09.12.2025, 09:12
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Жосалы станциясының осы жылды табысты қорытындылауына барлық алғышарт бар. Өндірістік көрсеткіштер жоғары деңгейді бағындырып, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мінсіз деңгейде сақталып отыр.

Станция бастығы Бауыржан Баянов бұл ұжымның ортақ жетістігі, әр теміржолшының ортақ іске қосқан үлесі дейді. Байырғы станцияда бөтен адам жоқ, бәрі де осы жерде туып-өскен, көпшілігі теміржолшылар дәстүрін ұстанып, ата кәсібін жалғастырып келе жатқан еңбек әулеттерінің өкілдері.  Теміржол жұмысының дәлдігі мен қауіпсіздігі көбіне парк кезекшілерінің іскерлігіне байланысты. Осы бағытта көп жылдық тәжірибесімен танылған Қайырбек Жалғасбаев парктегі қозғалысты үйлестіріп, әр вагонның дұрыс бағытқа жол тартуын қамтамасыз етіп келеді. Оның салқынқанды, сабырлы болмысы мен сергектігі – мыңдаған тонна жүктің уақытылы жеткізілуіне ықпал етіп отырған маңызды фактор.  

Станциядағы жұмыс ырғағының дұрыс құрылуы мен пойыздардың кідіріссіз қабылданып-жөнелтілуі – станция кезекшісі Алтынбек Мұхтарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі. Алтынбектің ауысымында артық қимыл болмайды, кезекшілік барысында әрбір операцияны мұқият бақылап, қозғалыстың қауіпсіздігі мен тәртібін үздіксіз қадағалап отырады. Оның шеберлігі мен жұмысқа деген жауапкершілігі – станция жұмысының тұрақтылығының кепілі дейді станция бастығы.

Жүктерге қатысты құжат айналымы да ширақтық пен дәлдікті талап ететін күрделі процесс. Бұл міндетті мінсіз атқарып жүрген тасымалдау құжаттарын өңдеуші оператор Бақытгүл Әбілованың құжат рәсімдеудегі ұқыптылығы мен тиянақтылығы – станция жұмысының ажырамас бөлігі.  

Пойыз құрамын жасақтау – теміржол саласындағы ең жауапты жұмыстардың бірі. Станциядағы пойыз құрастырушы Қуандық Істібаев өз жұмысында талап пен тәртіпті бірінші орынға қойып, сенім үдесінен шығып жүрген маман. Әр вагонды нақты орнына қою, тежегіштерді тексеру, құрамды дұрыс бекіту – оның күнделікті жұмысы.  

Жүктерді қабылдап, жөнелту барысындағы қаржылық және құжаттық есепті жүргізу – тауар кассирі Мейрамкүл Құлшықбаеваның міндеті. Ол әр операцияны мұқият қадағалап, есеп-қисаптың дәлдігіне мән береді. Мейрамкүлдің жауапкершілігі жүк жөнелтушілер мен станция арасындағы сенімді байланысты нығайтып отыр.  

Жүк қабылдап-тапсырушы Әсем Өтегенова әр вагонды уақытында қабылдап, жөнелтілетін жүктердің толықтығын, құжаттардың дұрыстығын тексеріп, барлық процесті нақтылықпен жүргізіп келеді. Оның ұқыптылығы станциядағы логистикалық жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз етеді.  

Станция бастығы Бауыржан Баяновтың айтуынша, Жосалы станциясының табысы осы азаматтардың адал еңбегінде жатыр.  

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді