Бірлігі жарасқан ұжымның биік белесі

Станция тынысы
30.01.2026, 09:07
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Тәулік бойғы тынымсыз еңбек, келген-кеткен әр пойыздың әр вагонына тиелген жауапкершілік, қозғалыс қауіпсіздігіне деген жоғары талап – осының бәрі Белкөл станциясы теміржолшыларының күнделікті жұмыс көрсеткіші.

Белкөл – Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты өндірістік станция. Облыс орталығына жақын орналасқандықтан қалаға кіреберіс қақпа сынды, жүк тиеп-түсіру нүктесі ғана емес, тасымал қызметін пайдаланушылармен тығыз қарым-қатынас орнатқан, өндірістік тәртіп пен кәсіби талап қатаң сақталатын маңызды стратегиялық бекет. Мұндағы әрбір теміржолшы өз жұмысының жауапкершілігін, станция табысына қосатын үлесін терең сезінеді.  

2025 жылдың қорытындысы Белкөл станциясы ұжымының жоғары кәсіби шеберлігін, ұйымшылдығы мен жауапкершілігін көрсетті. Станция бастығы Сұлтанахмет Матхановтың айтуынша, табыс ұжымның үйлесімді жұмысына байланысты, өткен жылы бекітілген барлық өндірістік жоспарлар толық әрі сапалы орындалған. Ұжымда еңбек тәртібі тұрақты, техникалық қауіпсіздік пен еңбек қорғау талаптары қатаң сақталады. Теміржолшылар маусымдық арнайы киімдермен толық қамтылған, әлеуметтік жағдайлары да назардан тыс қалмаған. Яғни жұмысшылардың алаңсыз еңбек етуіне барлық жағдай жасалған.  

Өндірістік көрсеткіштерге тоқталар болсақ, желтоқсан айының өзінде-ақ белкөлдік теміржолшылар 64 вагонға 4231 тонна жүк тиеп, жүк түсіру жоспарын артығымен орындады. Жоспар бойынша 300 вагоннан жүк түсіру көзделсе, іс жүзінде 649 вагоннан 38 940 тонна жүк түсірілген. Бұл жай ғана сан емес, әрбір көрсеткіштің артында маңдай тер, ұқыптылық пен кәсіби есеп жатыр.  

Станциядағы статистикалық жүктеме, бір жүк операциясы кезіндегі бос тұру уақыты, транзиттік вагондардың құжаттарын рәсімдеу барысындағы орташа кідіріс сынды маңызды өндірістік көрсеткіштердің барлығы жоспарға сай, одан да жоғары деңгейде орындалуда. Демек, табыс кілті – жұмыс үдерісін тиімді ұйымдастыра білу деген сөз.  

Өткен жылмен салыстырғанда станцияда жүктелген вагондар саны 132 пайызға, ал жүк көлемі 131 пайызға артқан. Жоспарланған 448 вагонның орнына 726 вагон жүктелуі де ұжым еңбегінің жоғары көрсеткіші. Ал бір жүк операциясындағы бос тұру уақытының 10,25 сағатқа дейін төмендеуі – үлкен нәтиже. Мұның артында тәжірибе, тәртіп және әр ауысымдағы үйлесімді жұмыс жатыр.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады