ҚТЖ әлеуметтік саясаты: қызметкерлерді қолдау мен өңірлерді дамыту бағыты

Трансформация
10.06.2026, 09:30

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай елімізде азамат­тардың өмір сүру сапасын жақсарту, адам капиталын дамыту әрі әлеуметтік тұрақтылықты нығайту жөніндегі іс-шаралар іске асырылып келеді. Жұмыскерлердің кәсіби дамуына, отбасыларды қолдауға сондай-ақ өңірлердің тұрақты дамуына жағдай жасай отырып, бұл міндеттерді шешуге еліміздің ірі жұмыс берушілері елеулі үлес қосып отыр, деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.

Азаматтарға жұмыс орнын ұсынушы іргелі ұжымның бірі – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ. Ұлттық компанияның әлеуметтік саясаты ардагерлер мен жастарды қолдаудан бастап теміржолшы­лар тұратын сондай-ақ жұмыс істей­тін елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға де­йінгі бағыттардың кең ауқымын қамтиды. Өңірлерде өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен «Wabtec» компаниясымен бірлесіп Сексеуіл мен Шалқарда шығармашылық орта­лық пен өнер мектебін салу бағытында ауқымды жобалар іске асырылып отыр. Жаркент­те Алтынкөл – Жетіген темір жол учаскесін жаңғырту аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ облыс әкімдігімен бірлесіп және «Теміржол жөндеу» ЖШС көмегімен салған 140 орын­дық балабақша ашылды. Бұл нысандар жұмысшылар мен  отбасы­­ларының өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.  

Сала ардагерлерін қолдау маңызды бағыттың бірі. Бүгінде компания 45 мыңнан астам зейнеткерге медициналық көмек, санаторлы-курорттық емдеу және мерейтойлық төлемдерді қосқанда әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді. ҚТЖ ардагерлер кеңесі мен Ардагерлердің консультативтік кеңесі арқы­лы ұрпақтар байланысы сақталу­да, ал ардагерлердің кәсіби тәжірибесі жас мамандарды даярлауда сұранысқа ие. Жұмыс­шылардың отбасыларына қолдау білдіру әрдайым назарда. Биыл ҚТЖ балаларды сауықтыру лагерьлеріне тегін жол жүруімен 7 372 жолдама сатып алды. Жалғызбасты ата-аналар­ға атаулы көмек көрсетіледі, мектеп түлектерінің ата-аналарына қосымша ақылы демалыс күндері беріледі. Дәстүрге айналған балаларды қорғау күні­не орай ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Биыл ҚТЖ басқарма төрағасының тапсырмасымен шалғай стансаларда тұратын теміржолшылардың көпбалалы отбасыларынан шыққан жүз бала зияткерлік және шығармашы­лық дамуға, сондай-ақ белсенді демалысқа ықпал ететін велосипедтер, LEGO конструкторлары және басқа да дамытушы жиынтықтар алды.

Елдің барлық өңірінде балалары оқуда, спортта және шығармашылықта елеулі нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлердің отбасыларын құттықтау ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақты қолдау кәсіп­тік бағдар беру жұмысын да қам­тиды. Компания мектеп оқушылары мен студенттерді теміржол мамандықтарымен таныстыра отырып, өндірістік нысандар мен салалық мұражайға экскурсиялар ұйымдастырады. Биыл ҚТЖ орталық музейіне 400-ден астам жоғары сынып оқушы­лары мен колледж студент­тері келді.  Балалардың шығармашы­лық және зияткерлік әлеуетін дамыту маңызды орын алады. Компанияда теміржол кәсіптерін танымал етуге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал ететін «Теміржол балалар көзі­мен» тақырыбында бейне­кон­курс­тары мен шығармашылық бай­қау өткізіледі.  

Осы жылы ком­пания теміржол саласына қызығушылығы жоғары 6 жасар Әнуар Әбсаттаров пен 11 жасар Әмір Жанғалиевтің тілегін орындап, оларды локомотив кабинасында сапарлауға мүмкіндік жасады және деполарды аралатып экскурсиялар ұйымдастырды. Сонымен қатар ҚТЖ 100 жас спортшы-теміржолшы арасында шағын футболдан республикалық турнир өткізді.

Жас кадрларды даярлау да маңызды. Жастар саясатының 2023–2026 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жас қызметкерлердің кәсіби және басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталған жобаларды іске асырып жатыр. Олардың қатарында «ҚТЖ-ның 100 жас есімі» жас мамандарды дамыту бағдарламасы, «Жас үздік маман» кәсіби шеберлік конкурсы, «Теміржол білгірлері» интеллектуалды лигасы, «Моя PROFессия» және «Zaman AI» конкурстары, сондай-ақ КВН корпоративтік қозғалысы және «ГалстукOFF» медиа жобасы бар. Бұқаралық спортты дамыту сонымен қатар компанияның әлеуметтік саясатының басым бағытының бірі. Биылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында 9,2 мыңнан астам жұмысшы спорт секцияларында жаттығулармен  қамтылды. 7,1 мыңнан астам адамның қатысуымен 197 спорттық іс-шара өткізілді. Компания қызметкерлері халық­аралық жарыстарда ҚТЖ мен ел атынан оң нәтиже көрсетіп келеді. Сонымен қатар корпоративтік волонтер­лік белсенді дамып отыр. Темір­жолшылар қайырымдылық және экологиялық акцияларға қатысып, ардагерлер мен зейнеткерлерге жәрдемдеседі, әлеуметтік мекемелерге қолдау көрсетеді және өңірлік өзара көмек жобаларын жүзеге асырады. Өткізілген іс-шаралар­дың қатарында – Астанадағы Паралимпиадалық орталықты қолдау, Қарағандыда «Құстарға көмектесеміз» экологиялық акциясы, Рамазан айында ораза ұстаушыларға құрма мен су тарату, «Жүректен жүрекке» және «Жақсылық жасап жарысайық» өңірлік игі істер марафондары, сондай-ақ атаулы әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету және ардагерлер мен зейнеткерлерге азық-түлік себеттерін тапсыру сынды игі іс бар.    

Тәжірибе көрсеткендей, бүгінде ірі жұмыс берушінің әлеу­меттік жауапкершілігі еңбек ұжымы алдындағы міндет­темелерді орындау шеңбері­нен асып түседі. Сөз адам капиталын дамытуға жағдай жасау, әлеуметтік тұрақтылықты нығай­ту және адамдардың өмір сүру сапасын арттыру туралы болып отыр. Сондықтан да ҚТЖ-ның  әлеуметтік жобалары корпоративтік саясаттың бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар елдің тұрақты дамуына қосқан үлесі саналады.

 

Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды