Жолшылардың неге машинистерді суқаны сүймейді?

Бейнелер
26.08.2021, 16:58
Нұрбол Манап

Баршаңызға сәлем! Бүгінгі мақалада жолшылардың неге машинстерді ұната қоймайтыны туралы айтпақпын. Қазіргі уақытта темір жолда әртүрлі қызметтердің жұмыскерлерін бақылауға арналған көптеген автоматтандырылған бағдарламалар жасалды. Бұл ең алдымен, олардың қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын және жеке қауіпсіздік шараларын бұзбауы үшін қажет. Сондай бағдарламалардың бірі: «Жолдағы адам»  жүйесін де қамтитын АБЖ МЕ (Автоматтандырылған басқару жүйесіндегі машинист ескертулері). Яғни, пойызды басқаратын машинист инфрақұрылымның жай-күйіне, сонымен бірге басқа да қызметттердің  жұмысшылары (жолшылар, СОБ-тер, байланысшылар, жүргізушілер және басқалар) темір жолдағы өз міндеттерін қалай орындайтынына назар аударуы керек. Машинист - темір жолдың көзі, һәм, құлағы екені жазылмаған заң. Демек, тәртіп бұзылып, нормалар мен ережелерден ауытқу байқалса, ең алдымен солар аңғарады. Анықтап қана қоймай, жоғарыда көрсетілген жүйеге сәйкес дабыл қағуы тиіс. Мысалы: поезд жақындап келе жатқанда қызметкерлер жұмысын тоқтатпағанда немесе уақытында жолдан кетпегенде, белгі берушінің орнында болмауы немесе рұқсат етілмеген жерде тұруы, дабылқағар құрал-саймандардың болмауы, бар шаруаның бір адамға жүктелуі сияқты қызметкерлер тарапынан қандай да бір ереже бұзушылық анықталған кезде машинист ескертулерді жақын маңдағы станция кезекшісіне хабарлайды. Ал, депоға келгеннен кейін "Машинистің ескертулер кітабына" жазады. Депо бойынша кезекші немесе арнайы қызметкер оны АБЖ МЕ  (Автоматтандырылған басқару жүйесіндегі машинист ескертулері) бағдарламасына енгізеді. Бұл бағдарламаның сыры сонда, ескертулердің барлығы ҚТЖ мен кәсіпорындардың барлық деңгейдегі басшыларына ереже бұзушылыққа жол берген жұмысшылар бірден көрінеді. Тиісінше, ескертуді жою үшін тергеу жүргізіп, кінәлі қызметкерді жауапқа тартуға және жазалауға дейінгі әртүрлі сипаттағы шаралар осы бағдарламада шығып тұрады.  Өйтпесе темір жолда қозғалыс қауіпсіздігімен, әсіресе жеке техника қауіпсіздігімен ойнауға болмайды. Жалпы, жүйе дұрыс жұмыс істеп тұр деп айтуға болады. Бірақ, машинистерге сан қуалаған жоспарлы шаруалар жүктелгенде мәнісі кете бастайтыны да жасырын емес. Өйткені жоспарды орындау үшін машинистер келсін-келмесін көзіне көрінгеннің бәрін жаза береді. Бәрі емес, әрине,  машинстердің көпшілігі ақ-қараны ажырата білетін жандар. Дәл осы ойдан шығарылған, ешқандай обьективтілік жоқ ескертулерді жолшылар мен өзге де қызметкерлердің суқаны сүймейді. Машинист үшін бұл-белгі ғана болса, өзге қызметкерлер үшін – сыйақыдан айырылу,  жапа шегу немесе жұмыстан қуылу. Кейін кінәсіз екенін дәлелдеу де оңай шаруа емес. Міне, Автоматтандырылған басқару жүйесіндегі Машинист ескертулері мен «Машинистің ескертулер кітабы» осылай жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті