2023 жылдың бес айының қорытындысы бойынша «Қазтеміртранс» АҚ-да 3000-нан астам жүк вагондары жөндеуден өтті. Соның ішінде 2453 вагонға деполық жөндеу жүргізілсе, 1069-ына күрделі жөндеу жасалды. Жөндеу бойынша жоспар 113%-ға орындалды. 12–9920 үлгісіндегі ашық вагондарға техникалық қызмет көрсетілді.
Биыл маусым айынан бастап «Қазтеміртранс» АҚ қызмет көрсету мерзімін ұзарта отырып жөндеу жүргізу көзделуде, бұл пайдаланылып отырған паркті жарамды техникалық жағдайда ұстауға септік етеді.