China State Railway Group Co., Ltd. Компаниясының мәліметінше, Қытайда І жартыжылдықта жалпы ұзындығы 2043,5 шақырым болатын жаңа темір жол желісі пайдалануға берілген, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жаңа темір жол желісінің арқасында елдегі пойыздардың қатынауы өткен жылға қарағанда анағұрлым артқан.
Жыл басынан бері жүк тасымалы 5,5%-ға өсіп, 1,95 млрд тоннаға жетсе, темір жол желісі арқылы 787 млн жолаушы рейсі жүріп өткен.
Ал, Қытайдан Еуропаға бет алған жүк пойыздар рейсі өткен жылға қарағанда 2%-ға өскен.