Осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында «ФПК» АҚ Солтүстік Кавказ филиалының пойыздарымен 5 мыңнан астам үй жануары иелерінсіз тасымалданған. Бұл өткен жылға қарағанда 29%, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қожайынның қарауынсыз жалғыз саяхаттаған жануарлардың басым көпшілігі ит пен мысық көрінеді.  

Бір қызығы үй жануарлары ең көп жіберілген  станция Ростов-Главный болған екен.

Айта кетсек, көрші елде үй жануарларын тасымалдау құжаттары арнайыландырылған жүк кассалары арқылы рәсімделеді. Ол жерде үй жануарын жіберуші мен қабылдап алушының аты-жөні, телефон нөмірлері көрсетіледі.  

Жол бойы жануарлар багаж бөліміндегі жабық торда немесе контейнерде болады. Ал, олардың жол жүру кезіндегі жағдайын жолаушылар вагонындағы жолсеріктер бақылап отырады.