Үндістанның батысындағы Махараштра штатында темір жол үстіндегі өткел бүлініп, 20 адам зардап шекті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілген, оның ішінде 8 адам ауыр халде жатыр. Қираған көпірдің биіктігі 18 метрдей.
Үндістан Орталық теміржол мекемесінің өкілдері құрбан болғандарға және алған жарақатына қарай өтемақы төлеуге әзір екендерін мәлімдеді.
«Зардап шеккендер тезірек сауығып кетуі үшін оларға жақсы медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деп мәлімдеді теміржол өкілдері.
Айта кетсек, осыдан бір ай бұрын Үндістанның Морби қаласында адам көп жүретін көпір құлап, 141 адам мерт болған еді. Көпір қираған сәтте оның үстінде 500-ден астам адам болғаны айтылады, оның ішінде балалар да бар.