Грецияның көлік министрі теміржол апатынан кейін отставкаға кететінін айтты

Әлемде
02.03.2023, 09:04

Грецияның инфрақұрылым және көлік министрі Костас Караманлис Лариса қаласының маңындағы жолаушылар пойызының апатынан кейін отставкаға өтініш берді. Апат салдарынан кемі 40 адам мерт болды, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ERT1 грек телеарнасының хабарлауынша, Костас Караманлис отставкаға кететінін мәлімдей келе, өз әрекетін апаттан қайтыс болған жандардың рухына көрсетілген аздаған құрмет белгісі деп санайтынын айтты.

«Мен қайғылы оқиға орнынан жаңа ғана оралдым, өте ауыр. Бұл грек теміржолының ХХІ ғасыр талабына сәйкес келмейтіндігінің фактісі. 3,5 жыл ішінде біз жағдайды жақсартуға бар күшімізді салдық. Өкінішке қарай, мұндай апаттың алдын алу үшін жұмсалған күш жеткіліксіз болды. Бұл бәріміз үшін және мен үшін ауыр жағдай», - деді ол.

Министрдің мәлімдеуінше, ауыр қайғылы оқиғадан кейін, түк болмағандай одан әрі өмір сүру мүмкін емес.

«Менің саясатқа келгеніме көп уақыт болған жоқ. Бірақ ел азаматтарының саяси жүйеге сенімі демократияның қажетті элементі деп санаймын. Бұл саяси жауапкершілік деп аталады. Осы себепті мен инфрақұрылым және көлік министрі қызметінен кетемін. Мен мұны әділетсіз бақұл болған жандардың рухына құрмет көрсетудің минималды белгісі деп санаймын. Грек мемлекеті мен саяси жүйесінің шексіз қателіктері үшін жауапкершілікті мойныма алу менің міндетім. Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарының қайғысына ортақпын», - дейді Костас Караманлис.

Бұған дейін Грекияда пойыздар соқтығысып, 26 адам мерт болғаны туралы хабарлаған едік.

Қазір оқиғаның жай-жапсары тергеліп жатыр.

«Бірнеше вагон рельстен шығып кетіп, төртеуі өртенген. «1 және 2-вагон жоқ. Пойыздар қатты соғылғандықтан олар жолдан ұшып кеткен», - деп хабарлады Фессалия провинциясының губернаторы Костас Агорастос ERT мемлекеттік телеарнасына.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды