Қытайда туристік пойыздар көптеп шыға бастады

Әлемде
24.04.2023, 12:07
Оқуға 1 мин

Қытайда туристік пойыздар жол жүру жайлылығы мен жылдамдығының арқасында танымал бола түсуде және туризм нарығын қалпына келтіруге септігін тигізіп жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Осы жылдың 23 наурызынан бастап тағы бір туристік пойыз Ұлы Қытай қорғанының Цзюйонгуан бөлігіндегі гүлді ағаштардың арасымен қатынай бастады, деп жазды China Daily.

Сондай-ақ 6 сәуірде Шанхайдың Хунцяо вокзалынан Янцзы өзенінің көрікті мекендері мен көрші аймақтарын қамтитын алғашқы туристік пойызы жолға шықты, тур бес күнге созылады.

«Жүрдек туристік пойыздар саяхаттаудың жылдам, қауіпсіз және ыңғайлы жолы болып табылады», – дейді Шанхай қаласының тұрғыны Фан.

Қытайдың туристік агенттіктері халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін туристік пойыздармен саяхаттауда әртүрлі саяхат пакеттерін ұсына бастаған.  

China Railway Travel Service Group компаниясы да биыл алғашқы туристік пойызын іске қосты. 428 жолаушыға арналған бұл пойыз Пекиннен Цзянси, Фуцзянь және Аньхой аймақтарын сегіз күнде аралап, жүріп өтеді. Компания алдағы уақытта Сычуань, Тибет автономды ауданы, Қытайдың солтүстік-шығыс аудандарын қамтитын тағы бір туристік маршруттарды іске қоспақ.

Бейжіңдегі екінші шет тілдер институтының Қытай мәдениет және туризм академиясының доценті Ву Линюн туристік агенттіктерге пойыздарды барынша пайдалану үшін оларды көркем аймақтар, сауда орталықтары мен ойын-сауық орындарына көбірек баратындай етіп үйлестіруді ұсынды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды