Әлемдегі ең алғашқы фильм пойыз туралы түсірілгенін білесіз бе?

Әлемде
07.12.2023, 13:49
Оқуға 2 мин
Қазақстан теміржолшысы

1895 жылдың 28 желтоқсаны кинематографияның ресми туған күні саналады. Бұл күні алғаш рет көпшіліктің назарына ақылы кино ұсынылды. Оны ағайынды Люмьерлер түсірген.  

Парижде тұсауы кесілген көрсетілім «Ағайынды Люмьерлердің кинематографиясы» деп аталды. Көрсетілімде 10 фильм ұсынылды. Олардың барлығы үнсіз әрі ұзақтығы бір минуттың айналасында болды. Солардың ішінде ең көп тарағаны атақты «Пойыздың келуі» фильмі болды. Бұл фильммен кинематографиялық дәуір басталды десек болады. Бұл ағайынды Люмьерлер түсіріп, көпшілікке көрсеткен қысқаша деректі фильм еді. Содан бері Огюст Луи Мари Николас пен Луи Жан киноның негізін салушылар болып саналды.

Көп дерек көздерінде бұл фильмнің атауы «Пошта пойызының келуі» немесе «Пойыздың келуі» деп аталып жүр. Аталған фильмнің сюжеті өте қарапайым. Экранда Ла Сиотат станциясының теміржол платформасындағы пойыз аялдамасы, сондай-ақ вагондармен келе жатқан жолаушылар көрсетіледі. Бұған қарамастан картина кеңінен тарап, танымал бола түсті. Кейбір мәліметтерге сәйкес, фильмнің көрсетілімі сол кездегі жұртшылықты таң қалдырған, өйткені олар пойыздың «жанданған» бейнесін қабылдауға психологиялық тұрғыдан дайын болмады. Адамдар пойыз қағып кете ме деп қорқып, экран алдынан секіріп жан-жаққа қаша жөнелген кездер де болыпты.  

Ағайынды Люмьерлердің фильмі киноның канондық туындысына айналды. Бұл авторлардың жүйіткіген пойызды кең экранға шығара білуімен іске асты. Ол адамдарға ерекше әсер етті.  

Сондай-ақ қысқаметражды фильмде адамдарды толық және орта пішінді кадрмен берген. Онда бейнеленген адамдардың барлығы үнсіз. «Пойыздың келуі» фильмі шыққан соң әлемдегі барлық операторлар вокзалдарға барып осыған ұқсас видео түсіре бастайды. Мысалы, 1989 жылы Жорж Мельес «Пойыздың Венсанн вокзалына келуі» және «Пойыздың Жуанвиля вокзалына келуі» атты екі сюжетті шығарды.

Айта кету керек, ағайынды Люмьерлердің фильмінің үзінділерін көптеген фильмдерден көруге болады, тіпті кеңестік кинеметографтар да оны өз туындыларында пайдаланды.

Киноның адамдарға қалай әсер ететінін айтып жеткізу қиын.  Қазір әр адам бірнеше күнде жоқ дегенде бір фильм көреді екен. Жарты ғасырда адамдар 18 мыңдай киноны тамашалайтын көрінеді. Бұл шамамен 27 мың сағат. Одан алған ақпараттың біраз бөлігі адамның миында қалады.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды