Мамырдың 25-26-сы күндері болған табиғи апат салдарынан Лори аймағында жалпы ұзындығы 2 шақырымға дейін жететін 8 жерде теміржол рельстері зақымданған, деп хабарлайды Rail-news.kz.
«Оңтүстік Кавказ темір жолы» ЖАҚ дереу келтірілген шығын көлемін анықтау және қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. МКҚК бас директоры Алексей Мельниковтың төрағалығымен инфрақұрылымды су басу салдарын жою бойынша қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін жол штабы құрылды.
Сондай-ақ бүлінген теміржол желілерінің кейбір бөлігін ресейліктертермен әріптестікте жөндейтіні айтылды.