Қытай темір жолдары 2025 жылы жолаушылар тасымалы бойынша рекорд орнатты

Әлемде
23.04.2025, 09:56

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қытайдың темір жолдары жолаушылар тасымалы көлемі бойынша жаңа рекордқа қол жеткізді – 1 миллиардтан астам адам тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артық, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Рекордтық сан тек ел ішіндегі жолаушылар санының артуымен ғана емес, сонымен қатар шетелдік туристердің қызығушылығының өсуімен де байланысты. Туристер саны 30%-ға өсіп, 3,66 миллион адамға жеткен.

Сұраныстың артуына байланысты Қытай темір жолдары рейстер санын 7,4%-ға көбейтті, ал туристік пойыздар саны 30%-ға артты. Сонымен қатар, көп аялдамасы бар бағыттар да қарқынды дамып жатыр, бұл шалғай өңір тұрғындары үшін сапарларды ыңғайлы етеді.

Қытай — Лаос бағыты да танымал бола түсуде. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында бұл бағытпен 85 мың жолаушы тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,2%-ға көп.

Сондай-ақ жүк тасымалы көлемінің өскені байқалды — 970 миллион тоннаға жеткен. Бұл Қытайдың инфрақұрылымы тұрақты дамып келе жатқанын және оның жаһандық логистикадағы рөлінің артып отырғанын көрсетеді. Ал негізгі қорларға салынған инвестициялар 131,2 миллиард юаньды (шамамен 18,2 миллиард АҚШ доллары) құрады.

Бұл жетістіктер Қытай темір жолдарының халықаралық аренадағы орнын нығайтып, жолаушылар мен жүк тасымалында тұрақты өсімге қол жеткізіп жатқанын дәлелдейді.

 

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді