Үндістан вагондарды жуу үшін дрондарды пайдалануда

Әлемде
18.06.2025, 09:41

Indian Railways Камакхья-Джанкшн станциясында дрондарға жоғары қысымды жуғыш құрылғы орнатып, оларды вагондар мен ғимараттарды — шатыр, депо, қасбеттерді қоса — тазалау үшін сынақтан өткізіп жатыр. Бұл тәсіл жұмысты қауіпсіз әрі үнемді етеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Дрондар адамның қолы жетпейтін жерлерді тиімді тазалап, жарақат алу қаупін азайтады, пайдалану шығындарын төмендетеді және нысандарды дәл әрі сапалы жууға мүмкіндік береді екен.

Жоба Ассам штатында іске асуда және Indian Railways компаниясының цифрлық трансформация стратегиясының бір бөлігі саналады. Жаңа жүйе вокзалдар мен деполарда қызмет көрсету процесін жылдамдатып, санитарлық талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған.

2018 жылдан бастап дрондар инфрақұрылым жағдайын бақылау үшін қолданылып келеді. 2020 жылы компания Ninja деп аталатын жетілдірілген нұсқаны таныстырып, оны нысандарды күзету мен жолдарды талдауға пайдаланған.

Компания басшылығының пікірінше, дрондар ірі станцияларда техникалық қызмет көрсетудің стандартты құралына айналады. Егер пилоттық жоба сәтті өтсе, бұл технология теміржол желісінің бүкіл аумағына таратылады.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл