Әйгілі Big Boy паровозы АҚШ-тың 250 жылдығына орай турға шығады

Әлемде
09.02.2026, 11:04
Сурет: Union Pacific

Union Pacific теміржолының әлемдегі ең ірі жұмыс істеп тұрған аңызға айналған Big Boy № 4014 паровозы 2026 жылдың 29 наурызында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойылуының 250 жылдығына арналған тарихи трансқұрлықтық турға аттанады. Сапар АҚШ-тың шығыс және батыс жағалаулары арасында өтеді. Ол екі кезеңге — батыс және шығыс бөлімдеріне бөлінген, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Турдың батыс бөлігін паровоз бен Union Pacific паркіндегі бірнеше тарихи жолаушылар вагоны Шайенн қаласынан (Вайоминг штаты) Калифорния бағытына қарай бастап, кейін кері қайтады. Турдың бұл бөлігі 2026 жылдың 24 сәуірінде қайтадан Шайенн қаласында аяқталады.

Маршрут бойында бірнеше аялдама жоспарланған. Көпшілікке арналған көрсетілімдер 2026 жылғы 10–11 сәуірде Розвиллде (Калифорния штаты) және 18–19 сәуірде Огденде (Юта штаты) өтеді.

Жалпы Union Pacific Railroad үшін 25 дана Big Boy паровозына тапсырыс берілген, олардың алғашқысы 1941 жылы жеткізілді. Бұл локомотивтер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тік еңістері бар теміржолдармен ауыр жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылды.

№4014 паровозы шамамен 1,66 млн шақырым жол жүргеннен кейін, 1961 жылдың желтоқсанында пайдаланудан шығарылды. 2013 жылы Union Pacific оны Помонадағы (Калифорния штаты) RailGiants теміржол мұражайынан қайта сатып алып, реставрациялау жұмыстарын жүргізу үшін Шайеннге қайтарды. Паровоз 2019 жылдың мамыр айында, Трансконтиненталдық теміржол құрылысының аяқталуына 150 жыл толуына орай қайта іске қосылды.

Union Pacific мәліметінше, жағалаулар арасындағы бұл тарихи тур теміржолдардың Американы құрудағы және біріктірудегі, оның өнеркәсіп секторын дамытудағы және жаңа салалардың өсуін ынталандырудағы рөліне деген құрмет болып табылады. Union Pacific тарихы 1862 жылы президент Авраам Линкольннің тиісті заңға (Pacific Railway Act) қол қоюынан бастау алады.

Турдың шығыс кезеңін 2026 жылдың көктем айының соңында бастау жоспарлануда.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады