Talgo рекордтық тапсырысқа қол жеткізді

Әлемде
09.04.2026, 13:57
Сурет: Talgo

2025 жылдың қорытындысы бойынша Talgo компаниясының түсімі 618 млн еуроны, ал қарыз көлемі 394 млн еуроны құрады. 2025 жылдың соңына қарай компанияның тапсырыс портфелі 4,47 млрд еуроға бағаланса, 2026 жылдың ақпанында бұл көрсеткіш рекордтық 5,77 млрд еуроға жетті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл серпіліске Сауд Арабиясының мемлекеттік теміржол компаниясымен (SAR) жасалған 1,3 млрд еуролық келісімшарт септігін тигізді. Келісім аясында 20 жоғары жылдамдықты электр пойызын жеткізу және 2033 жылға дейін жаңа әрі бұрыннан бар пойыздарға техникалық қызмет көрсету қарастырылған.

Жылжымалы құрам өндірісі мен сервистік қызмет көрсетудің болашағын қамтамасыз ететін Talgo-ның негізгі нарықтары Еуропа мен Таяу Шығыс.

2025 жылдың мамырында немістің жеке операторы FlixTrain-ге 65-ке жуық «push-pull» үлгісіндегі жүрдек пойыздарды жеткізу бойынша 2,4 млрд еуролық (оның 1,1 млрд еуросы нақтыланған) негіздемелік шартқа қол қойылды.

Алдағы 2 жылда компания тапсырыс көлемін 7,9 млрд еуроға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.

Компания бизнестің оң динамикасын сақтап, түсімді 750 млн еуроға жеткізуді және 200-ге жуық жаңа маманды жұмысқа қабылдауды жоспарлауда.

2030 жылға қарай компания қазіргі Avril пойыздарының орнын басатын, сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүретін жаңа инновациялық платформа әзірлемек. Бұл пойыздар энергияны үнемдеуімен қатар, жайлылық пен қауіпсіздіктің ең жоғары талаптарына сай болады.

Сондай-ақ, 2025 жылдың желтоқсанында Баск елі автономды бірлестігінің үкіметтік және қаржылық құрылымдарынан құралған консорциум маңызды мәмілені аяқтады. Олар негізгі акционер Pegaso Transportation International компаниясынан Talgo акцияларының 29,7 пайызын сатып алды.

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда