Қытай – Еуропа теміржол экспресі 130 мың рейс межесіне жетті

Әлемде
18.05.2026, 10:36
Сурет: Синьхуа

Қытай – Еуропа бағытындағы теміржол экспресі 130 мыңыншы рейсін орындады. Мерейтойлық жүк пойызы Қытайдың Хэнань провинциясының орталығы Чжэнчжоудан Германияның Гамбург қаласына шыққан, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қытай мемлекеттік теміржол компаниясының мәліметінше, осы уақытқа дейін тасымалданған жүктің жалпы құны 520 миллиард доллардан асқан.

Компания соңғы жылдары Қытай – Еуропа теміржол бағыттарын үнемі жетілдіріп келе жатқанын мәлімдеді. Қазіргі таңда сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүретін 93 тұрақты маршрут жұмыс істейді.

Бүгінде Қытайдың 129 қаласында Қытай – Еуропа теміржол экспресі қызмет көрсетеді. Бағыттар Еуропаның 26 еліндегі 235 қаланы және Азияның 11 еліндегі 100-ден астам қаланы байланыстырып отыр. Осылайша жоба Еуразия аумағының басым бөлігін қамтыған.

Мамандардың айтуынша, бұл қызмет іске қосылғалы бері жүк тасымалы тарифтері 40 пайыздан астам төмендеген. Қазір пойыздар 53 санатқа жататын 50 мыңнан астам тауар түрін тасымалдайды.

Қытайдан негізінен автокөліктер, автокөлік бөлшектері, техника, электроника және электр жабдықтары экспортталады. Ал Қытайға Еуропадан ағаш, целлюлоза, арнайы ауыл шаруашылығы өнімдері мен күнделікті тұтыну тауарлары жеткізіледі.

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты