Теміржол тарихына саяхат: студенттерге арналған ерекше экскурсия

Жаңалықтар
05.06.2025, 12:45
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазіргі таңда елордада «Astana Art Group» ЖШС мен Астана қаласы әкімдігінің «Astana tourism» туризмді дамыту орталығы бірігіп, «Астана қаласындағы 1 курс студенттері мен 7-11 сынып оқушылары үшін кәсіби бағдарлану экскурсиялары» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.  

Осыған орай ҚТЖ бас ғимаратындағы музейде Астанадағы М.Тынышпаев атындағы ALT көлік колледжінің 50-ге жуық студентіне экскурсия ұйымдастырылды. Музей меңгерушісі Ақмарал Молдашева студенттерге Қазақстан теміржолының тарихымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Жастарды мұражайдағы теміржолшылардың бұрынғы формалары, олардың иелері кімдер болғаны туралы ақпараттар қызықтырды. Сонымен қатар бұрын теміржолшылар қолданған ескі аппараттар туралы да қызықты мәліметтер берілді. Экскурсия барысында студенттер арасында теміржол туралы викториналық сұрақ ойыны да ұйымдастырылды. Оларға музейдегі жәдігерлердің жылдарына, қазақтан шыққан тұңғыш инженер Мұхамеджан Тынышпаевтың өміріне және Түрксіб теміржолы жайында сауалдар қойылып, дұрыс жауап бергендерге «Қазкөліккәсіп» ҚБ атынан бағалы сыйлықтар табысталды. Аталған колледжде «Тасымалды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алатын студенттер болашақта компанияда өз кәсіптері бойынша жұмыс істеуге ынталы екенін жеткізді.  

Айта кетейік, 2010 жылдары құрылған музейде бүгінде Қазақстан теміржолының тарихына, оның қалыптасу жылдары мен дамуына қатысты 1000-нан астам деректер мен жәдігерлер бар.  

Жүк тасымалы / Апта саны
20.06.2025
Елімізде теміржол көлігімен астық тасымалдау 54%-ға өсті
Инфрақұрылым
20.06.2025
Биыл 1,5 мың шақырым темір жол жөнделеді
ҚТЖ келбеті
20.06.2025
Талай теміржолшыға ұстаз болған Құнанбаев Қалихан – 80 жаста
Аймақтар
20.06.2025
Арыстық жолшылар ойлап тапқан баспалдақ
Жолаушылар тасымалы
20.06.2025
Алакөл бағытындағы вокзалдарда жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды
ҚТЖ келбеті
20.06.2025
Кәсібінен береке тапқан жан
Әлеумет
20.06.2025
Балалар Бурабайға аттанды
Қауіпсіздік
20.06.2025
Вокзалда қауіпсіздік күшейтілді
Аймақтар
20.06.2025
Қызылорда станциясы жоспарды асыра орындады
Жаңалықтар / Мұрағат
20.06.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №47 20 маусым 2025 жыл
Жаңалықтар
19.06.2025
Президент темір жол қатынасы жүйесін жаңғырту барысымен танысты
Жаңалықтар
19.06.2025
Президент Stadler Kazakhstan зауытына барды
ҚТЖ келбеті
19.06.2025
Өз тіліңе құрметті – өзіңнен баста
Станция тынысы
19.06.2025
Тараз станциясының бүгінгі тынысы
Станция тынысы
19.06.2025
Ақтоғай – теміржол тарландарының мекені
Жолаушылар тасымалы
19.06.2025
"Астана-Бурабай курорты" маршрутына жаңа электр пойызы шығады
Жүк тасымалы
19.06.2025
Қазақстан Еуразиядағы негізгі көлік тораптарының біріне айналуда
Жүк тасымалы
18.06.2025
Қазақстан бидайы контейнерлік пойызбен Вьетнамға экспортталды
Инфрақұрылым
18.06.2025
Теміржол өткелі құрылысына бақылау қатаң
Жолаушылар тасымалы
18.06.2025
Алакөлге осы жазда 240 мың жолаушыны тасымалдау жоспарлануда