Өз тіліңе құрметті – өзіңнен баста

ҚТЖ келбеті
19.06.2025, 12:33
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, оның қолданыс аясын кеңейту мәселесі бүгінгі қоғамда әлі де өзекті болып отыр. Өзгеден талап етпек түгілі, қазақтың қазақпен ана тілінде сөйлесуі мұң болып отырған кезеңде туған тіліне жанашырлық танытып, қолданыс аясын кеңейтуге   атсалысып жүрген азаматтар бар. Солардың бірі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Комплаенс-қызметінің комлаенс-қадағалаушысы Бекет Ақпан.  

Сыр елінде туып-өскен  Бекет Ақпанның ана тілін білмеуі және насихаттамауы мүмкін емес еді. Дегенмен теміржол саласы бойынша білімді Мәскеуде алып, үш тілді бірдей меңгерген кейіпкеріміздің мемлекеттік тілге қатысты ұстанымдары мен маңызды қадамдары өзгелерге үлгі боларлық.  

  

Әкесі Жұлдызбай Мұсаев  - көп жыл  Қызылорда локомотив депосын басқарған белгілі теміржолшы. Бекеттің бала кезден теміржолшы болуға ықыласы ауғанда әкесі оған «Теміржолда карьера жасағың келсе  қазақ және орыс тілдерінде тең сөйлеп, баяндама жасай алатындай, барған жеріңде қай тілде болсын еркін сөйлеп ойыңды еркін жеткізетіндей білім керек» деген екен. Содан бастап қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жоғары деңгейде оқуға бел буған ол қазір желі бойында елді аралап түрлі жиындарға барса да, халықаралық деңгейде өткен іс-шараларға қатысса да  өзін еркін сезінеді, қай ортада да  тіл табысып, келіссөздер жүргізіп, ешқандай аудармашының көмегінсіз сөйлесе  беретін деңгейге жетті. Алайда жұмыс барысында құжаттарды ана тілінде жазу, аударуда, күнделікті өз үйінің ауласында, лифтіге мінсе, дүкенге барса, көлікке отырса, түрлі қызметтер бойынша телефон шалса, банктер мен сервис орталықтарына бас сұқса, тіпті үйде де отбасына тек қазақша сөйлеп, мүмкіндігінше оған мемлекеттік тілде жауап беруін күтеді.    

– Тілге деген құрметті әр адам өзінен бастауы керек. Үйде бала тәрбиесінен бастап, жұмыста, көшеде барлық қарым-қатынаста тек қазақ тілінде тіл қатамын. Отбасында да жарыммен бірге шешім қабылдап, балалар мектепке барам дегенше, одан әрі де тек қазақ тілінде сөйлесу, «қоқыс таста, «тұр, отыр, ұйықта, тамақ іш» десек те, тілді қойыртпақтамауға келіскенбіз. Бала қоғамда ортамен араласқан соң орыс тілін онсыз да үйреніп алады, ал ана тілін ұмыта бастайды. Сосын оларға арасында телефоннан ютуб қараса да қазақша немесе ағылшынша видеолар көруін қадағалаймыз. Қазіргі таңда қазақ тілінің деңгейін көтеруде әрбір жанұя осылай жіті бақылаумен, күш салумен күреспесе, туған тілімізден айрылып қалуымыз ғажап емес. Баланың тілі туған тілінде таза шықса ғана өзінің тарихын, әдебиеті мен мәдениетін бойына толық сіңіріп, өзінің кім екенін біліп өседі. Болашақ ұрпақ ата-бабадан қалған құнды мұра-бай тіліміздің құнарын, мақал-мәтелдерді, нақыл сөз, тұрақты сөз тіркестерін біліп, мағынасын ұғына алатындай болса, сол өз ұлтының нағыз жанашыры, мықты азаматы болады. Туған тілден кейін екінші орында  орыс, ағылшын, тағы басқа тілді меңгере бер, артығы жоқ,  – дейді Бекет Ақпан.  

Кейіпкеріміз 2020 жылдан бері еңбек ететін Комплаенс қызметінде теміржол терминдерін қазақшаға аударып, тиісті мекемелерге құжат дайындайды, хат жазады, талдау актілерін әзірлейді. Мұның бәрін тіл маманы емес қызметкерге қазақша жүргізу оңай емес.  ҚТЖ-да бұл ретте арнайы аудармашы мамандар болса да, Бекет Ақпан соған дейін барынша ізденіп, сөйлемдердің дұрыс құрылуына мән беріп отырады. Сонымен қатар өңірлерге барып түрлі іс-шаралар, семинарлар өткізсе аудиторияның ыңғайын байқап, қазақ тілінде жүргізуге басымдық береді. Соңғы жылдары қай жерге барса да іс-шараны мемлекеттік тілде өткізуді жөн санайтындардың артқанын айтады.    

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл