Талай теміржолшыға ұстаз болған Құнанбаев Қалихан – 80 жаста

ҚТЖ келбеті
20.06.2025, 09:50

Кез-келген адам ұстазына қарап бой түзейтіні рас. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп қазақ бекер айтпаса керек. Темірден түйін түйген ұста да, он саусағынан өнер тамған шебер де ұстаз алдын көрген. Бүгін мен  есімі елге белгілі, талай теміржолшының ұстазы болған алдыңғы аға буын  жайлы сыр шертпекпін.  

Қазақта «қайнауы піскен болаттай» деген теңеу бар, мен Қалихан ағаны сол шыңдалған шарболатқа теңер едім. Бүкіл қазақ теміржолын шарлап жүріп жарты ғасырға жуық еңбек еткен, еңбек еткенде де жол шаруашылығында тері тамшылап жүріп жұмыс істеген жан емендей берік бітім болмысымен еріксіз таң қалдыратын.  

Құнанбаев Қалихан Ерболғанұлы соғыс бітіп ел қуанышқа кенелген 1945 жылдың 20 маусымында Матай станциясында дүниеге келіпті.  Еңбек жолын 17 жасында жол монтері болып бастап, білімі мен тәжірибесі толыса келе дистанция бастығына дейін өсіп,  Матай, Шоқпар, Шу, Арыс жол дистанцияларында қызмет атқарған.  

Қалихан Ерболғанұлы 1988-2003 жылдары  Матай жол дистанциясын басқарды.  Ақтоғай-Саяқ учаскесі 2001 жылы Аягөз дистанциясынан алынып Матай дистанциясына қосылды.  Осыған дейін Аягөз дистанциясында еңбек ететін мен Қалағаның орынбасары болып шыға келдім. Содан бастап талай жыл жанына еріп жүріп, жұмыс десе жанын салатын аса тәжірибелі,  кез келген істің көзін табатын ұйымдастырушылық қабілеті зор басшының  тәлім-тәрбиесін көрдім.  

Сол кезде атқарылған бірқатар жобаларға тоқталып өтсем,  Қалағаның жеке қатысуымен, тікелей басшылығымен дистанцияға қарасты барлық бұрмалар мен  бағыттамалардың айқастырма қисығының жазықтағы жатысының өлшемі алынып, сол арқылы есептеу жұмыстары жүргізіліп, анықталған ақаулықтар түгел түзетілді. Үштөбе-Матай-Ақтоғай аралығындағы жолдарда да өте ауқымды жұмыс жасалды. Шіріген ағаш шапалдар   ауыстырылып,  күрделі жөндеу кезінде алынған жарамды материалдар пайдаланылып жанама кірме жолдар жаңартылды.  Ақтоғай-Саяқ аралығында жолшыларға арналған үйлер мен жатақхана салынды. Ақтоғайдың кірме жолы  мен Матай станциясында мотовоздар мен ашық вагондардан жүк түсіруге арналған көтерме жол жасалып,  25 шақырымда қардан қорғайтын қалқан тұрғызылды.  

Алматы теміржолының басшылығы Қалағаның қарым-қабілетін жоғары бағалаған болар, 1983-87 жылдары  Арыс жол дистанциясын басқарып, оңтүстікте қызмет атқарды. Осы кезеңде Арыс-Шеңгелді аралығында үлкен  жоба жүзеге асырылды. Осы бағытта жол көлемін ұлғайту, қосымша жолдар мен бағыттамалар салу, оларды электрлендіру жұмыстары қатар жүрді. Бұдан басқа да Қалағаның жол шаруашылығына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз, және қандай жұмыстың да басы-қасында өзі жүріп, бәрін қадағалап, көзінен өткізбесе көңілі көншімейтін ерекше қасиеті болды.  

Зейнетке шыққан соң қырық бес жыл жинаған білімі мен тәжірибесін кейінгі буынның қажетіне жаратуды жөн көрген ағамыз шәкірт тәрибелеу ісіне біржолата ден қойды. Жоғары оқу орнында дәріс оқып, болашақ теміржолшылар үшін оқулықтар жазды. «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша ғылыми атақ қорғады.    

Бүгін сексен жастың сеңгіріне көтеріліп отырған Құрметті теміржолшы, профессор Құнанбаев Қалихан Ерболғанұлын кешегі әріптестері мен барлық шәкірттері атынан құттықтап,  оған бақуат өмір мен мықты денсаулық тілейміз.  

 

Сұлтан Борамбаев, Алматы

Құрметті теміржолшы  

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?